Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың үлгiлiк жарғысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1382 Қаулысы

Қолданыстағы

      Заңды тұлғаларға шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелген кезде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың қоса берiлiп отырған жарғыларының мазмұны мынадай ұйымдастыру-құқықтық нысандар бойынша белгiленсiн:
      толық серiктестiк (1-қосымша);
      сенiм серiктестiгi (2-қосымша);
      <*>
      <*>
      өндiрiстiк кооператив (5-қосымша).
      ЕСКЕРТУ. Жолдар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 928  қаулысымен .

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 29 қыркүйектегi 
N 1382 қаулысына     
1-қосымша   Q971382a  а

Толық серiктестiктiң

ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

      1.1. _________________________________________________________
__________________________________________ толық серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк), шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар) мыналар болып табылады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      1.3. Серiктестiктiң атауы: ___________________________________
________________________________ толық серiктестiгi.
     фирмалық атауы

      1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi: _________________________
____________________________________________________________________
      1.5. Серiктестiктiң қызмет мерзiмi ___________________________

2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi

      2.1. Серiктестiк мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
      2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкiлерi болады.
      2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсаттарына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарды сатып алуға, мойнына мiндеттемелер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 
      2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. 
      2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, оның қатысушылары өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен оның мiндеттемелерi бойынша бiрлесiп жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, өзiнiң қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi

      3.1. Серiктестiк қатысушыларының:
      1) осы жарғыда белгiленген тәртiппен серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға;
      2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;
      3) таза кiрiстi бөлуге қатысуға;
      4) серiктестiк таратылған жағдайда, несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне сәйкес мүлкiнiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға;
      5) серiктестiк мүлкiндегi өзiнiң салған салымына бара-бар үлесiнiң құнын ала отырып, белгiленген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар.
      3.2. Серiктестiк қатысушылары:
      1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
      2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер мен мерзiмдер бойынша салуға;
      3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

4. Серiктестiк қызметiнiң мақсаты мен түрлерi

      4.1. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда алу болып табылады.
      4.2. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн серiктестiк заңдарда тыйым салынбаған қызметтiң мынадай негiзгi түрлерi жүзеге асырылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      4.3. Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi жүзеге асыруға серiктестiктiң құқығы жоқ.

5. Серiктестiктiң мүлкi

      5.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы _______________________
___________________________________________ теңгеден тұрады.

      5.2. Серiктестiк жарғылық капиталы шаруашылық-коммерциялық қызметтен түскен пайданың есебiнен, ал қажет болғанда - қатысушылардың қосымша жарналарының есебiнен толықтырылуы мүмкiн. 
      Серiктестiк мүлкiндегi барлық қатысушылардың үлестерi олардың жарғылық капиталға салған салымдарына бара-бар және процент түрiнде есептеледi. 
      5.3. Серiктестiктiң жарғылық капиталын құрудың тәртiбi мен мерзiмдерi, сондай-ақ толық серiктестiк мүлкiндегi қатысушылардың үлестерi құрылтай шартымен айқындалады. 
      5.4. Серiктестiктiң жарғылық капиталын оның қатысушылары тiркеуден өткеннен кейiнгi бiр жылдан кешiктiрмей төлеуге тиiс. 
      Серiктестiктiң қатысушысы бiр жылдың iшiнде жарғылық капиталға салымның өз бөлiгiн төлемеген жағдайда, ол төленбеген бөлiгiнiң сомасында тұрақсыздық айыбын серiктестiкке төлеуге мiндеттi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi төлем жасау күнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып есептеледi. 
      5.5. Серiктестiктiң мүлкi қатысушылардың жарғылық капиталға салған бастапқы жарнасынан, қосымша жарналардан, шаруашылық және коммерциялық қызметтен түскен кiрiстен, сондай-ақ заем қаражаттарынан және серiктестiк белгiленген тәртiппен сатып алған немесе алған басқа мүлiктен құралады. 
      5.6. Серiктестiк активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде орта есеппен алпыс мың есе есептiк көрсеткiштен асып кеткен жағдайда, серiктестiк шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесiн жоғалтады және қолданылып жүрген заңдарда көзделген жеңiлдiктерден айырылады. 

 
6. Серiктестiктiң басқару және бақылау органдары 

 
      6.1. Серiктестiктiң жоғары басқару органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. 
      Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады: 
      а) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту; 
      б) серiктестiктiң атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды керi шақырту; 
      в) серiктестiктiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекiту, оның таза кiрiсiн бөлу; 
      г) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм. 
      Аталған мәселелер бойынша шешiмдер қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады. Әрбiр қатысушының бiр дауысы бар. 
      6.2. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретiне жатқызылған мәселелердi өз қарауына қабылдай алады. 
      6.3. Серiктестiктiң атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес келiсiм-шарт негiзiнде реттеледi. 
      6.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi. Дирекция _______ мүшеден тұрады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешушi дауыс болып саналады. 
      6.5. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде: 
      күнделiктi және болашаққа арналған жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi; 
      қатысушылардың шешiмдерiн әзiрлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер бередi; 
      ақша қаражаттарын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шектерде серiктестiк мүлкiне билiк етедi; 
      серiктестiктiң атынан сенiмхатсыз шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; 
      банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады; 
      серiктестiктiң еңбек ұжымының орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; 
      серiктестiк қызметкерлерiн қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады; 
      сенiмхат бередi; 
      мемлекеттiк органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен, кәсiпорындармен, мекемелермен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша серiктестiктi бiлдiредi; 
      өз құзыретiнiң шегiнде басқа функцияларды атқарады. 
      6.6. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi: 
      1. ____________________________________________________________ 
      2. ____________________________________________________________ 
      3. ____________________________________________________________ 
      6.7. Байқаушы кеңес _________ мүшеден тұрады. Байқаушы кеңес құрастыратын мәселелер бойынша шешiмдер, байқаушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданды. 
      6.8. Есеп берулердiң дәлдiгiн, серiктестiк қызметiнiң заңдарға, осы жарғыға, келiсiм-шарттар мен келiсiмдерге сәйкес болуын бағалау жөнiндегi функциялар жалпы жиналыстың шешiмi бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледi. 
      6.9. Серiктестiктiң тексеру комиссиясының құрамына серiктестiк қатысушылары, заң актiлерiне сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлiк есеп саласындағы тәуелсiз сарапшылар және басқа адамдар кiре алады. 
      6.10. Тексерiс жүргiзу үшiн тәуелсiз аудитор қатыстырылуы мүмкiн. 

 
7. Серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлу 

 
      7.1. Бюджетпен өзара қарым-қатынас жөнiндегi сомаларды және кәсiпорын қорларын құруға және толықтыруға бағытталған сомаларды қоспағанда, серiктестiктiң кiрiсi, егер серiктестiктiң құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталдағы салымдарының мөлшерiне бара-бар түрде бөлiнедi. 
      7.2. Серiктестiктiң ықтимал шығындары резервтiк қор есебiнен өтеледi. Шығыстарды өтеу үшiн резервтiк қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оларды өтеу көздерi туралы шешiмдi қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. 
      7.3. Таза кiрiстi бөлуге қатысудан серiктестiктiң қандай да бiр қатысушысын шеттететiн келiсiмдердiң күшi болмайды. 

 
8. Серiктестiктiң еңбек ұжымы 

 
      8.1. Директор жалға алу туралы келiсiм-шарт, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа нысандар негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы, бiрақ қызметкерлердiң барлық қызметкерлердi, соның iшiнде келiсiм-шарт және мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс iстейтiндердi, қосымша жұмыс iстейтiндердi, аталған субъектi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн есепке ала отырып айқындалатын орташа жылдық саны 50 адамнан аспауға тиiс. 
      8.2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды беруге кепiлдiк бередi. 
      8.3. Әрбiр қызметкердiң еңбек табысы жұмыстың түпкiлiктi нәтижелерiн есепке ала отырып, оның жеке еңбек үлесiмен айқындалады, оның ең көп мөлшерiне шек қойылмайды және оған белгiленген ережелерге сәйкес салық салынады. 
      8.4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, мемлекеттiк тарифтердi тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төмен кепiлдiгi ретiнде қарастыра отырып, келiсiм-шарттарда тарифтiк ставкалар мен жалақылар мөлшерiн көздейдi. 
      8.5. Серiктестiк қызметкерлерi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. 
      8.6. Серiктестiк барлық қызметкерлер үшiн қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi және олардың денсаулығы мен еңбек қабiлетiне келтiрген зиян үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi. 

 
9. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату 

 
      9.1. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi. 
      9.2. Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тәртiппен, жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      9.3. Серiктестiк:
      1) қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) соттың шешiмi бойынша;
      3) заңдарда көзделген өзге негiздер бойынша таратуға жатады.
      9.4. Серiктестiктi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серiктестiк iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.
      9.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Серiктестiк директоры              Тегi, аты, әкесiнiң аты

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 29 қыркүйектегi 
N 1382 қаулысына      
2-қосымша   Q971382b  b 

Сенiм серiктестiгiнiң

ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

      1.1. ________________________________________________________
__________________________________________ сенiм серiктестiгi (бұдан әрi - серiктестiк), шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серiктестiктiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар) мыналар болып табылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     1.3. Серiктестiктiң атауы: ___________________________________
________________________________ толық серiктестiгi.
        фирмалық атауы

      1.4. Серiктестiктiң орналасқан жерi: ________________________
___________________________________________________________________
      1.5. Серiктестiктiң қызмет мерзiмi __________________________

2. Серiктестiктiң заңдық мәртебесi

      2.1. Серiктестiк мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
      2.2. Серiктестiктiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкiлерi болады.
      2.3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсаттарына жету үшiн өз атынан мәмiлелер жасауға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарды сатып алуға, мойнына мiндеттемелер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 
      2.4. Серiктестiк Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкiлдiктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. 
      2.5. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Мемлекет серiктестiктiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк мемлекеттiң борыштары бойынша жауап бермейдi. Серiктестiк қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, өзiнiң қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 
      2.6. Серiктестiкке, серiктестiктiң атынан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауап беретiн қатысушылармен (толық серiктен) қатар серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн өздерi салған салым сомаларының шегiнде көтеретiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын салымшы қатысушылар кiредi. 

 
3. Серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi 

 
      3.1. Серiктестiк қатысушыларының: 
      1) осы жарғыда белгiленген тәртiппен серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға; 
      2) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға; 
      3) таза кiрiстi бөлуге қатысуға; 
      4) серiктестiк таратылған жағдайда, несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне сәйкес мүлкiнiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға;
      5) серiктестiк мүлкiндегi өзiнiң салған салымына бара-бар үлесiнiң құнын ала отырып, белгiленген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар.
      3.2. Серiктестiк қатысушылары:
      1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
      2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер мен мерзiмдер бойынша салуға;
      3) серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

4. Серiктестiк қызметiнiң мақсаты мен түрлерi

      4.1. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда алу болып табылады.
      4.2. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн серiктестiк заңдарда тыйым салынбаған қызметтiң мынадай негiзгi түрлерiн жүзеге асырады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      4.3. Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi жүзеге асыруға серiктестiктiң құқығы жоқ.

5. Серiктестiктiң мүлкi

      5.1. Серiктестiктiң жарғылық капиталы _______________________
___________________________________________ теңгеден тұрады.

      5.2. Серiктестiктiң жарғылық капиталын құрудың тәртiбi мен мерзiмдерi, сондай-ақ толық серiктестiк мүлкiндегi қатысушылардың үлестерi серiктестiктiң құрылтай шартында белгiленедi, бұл ретте салымшылардың жарғылық капиталдағы үлестерiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауға тиiс. 
      5.3. Серiктестiктiң қатысушысы бiр жылдың iшiнде жарғылық капиталға салымның өз бөлiгiн төлемеген жағдайда, ол төленбеген бөлiгiнiң сомасында тұрақсыздық айыбын төлем жасау күнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, серiктестiкке төлеуге мiндеттенедi. 
      5.4. Серiктестiктiң мүлкi қатысушылардың жарғылық капиталға салған бастапқы жарнасынан, қосымша жарналардан, шаруашылық және коммерциялық қызметтен түскен кiрiстен, сондай-ақ заем қаражаттарынан және серiктестiк белгiленген тәртiппен сатып алған немесе алған басқа мүлiктен құралады. 
      5.5. Серiктестiк активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде орта есеппен алпыс мың есе есептiк көрсеткiштен асып кеткен жағдайда, серiктестiк шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесiн жоғалтады және қолданылып жүрген заңдарда көздеген жеңiлдiктерден айырылады. 

 
6. Серiктестiктiң басқару және бақылау органдары 

 
      6.1. Серiктестiктiң iсiн басқару органы толық серiктер жүзеге асырады. 
      6.2. Серiктестiктiң жоғары органы оның толық серiктерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ басқару органын құру тәртiбi мен оның құзыретi туралы шешiмдер оның барлық толық серiктерiнiң ортақ келiсiмi бойынша қабылданады. 
      6.3. Салымшылардың серiктестiктiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхатсыз оны бiлдiруге құқығы жоқ. Серiктестiк салымшыларының толық серiктердiң серiктестiктiң iсiн басқару жөнiндегi iс-әрекеттерiн даулауға құқығы жоқ. 
      6.4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған серiктестiктiң органдары барлық толық серiктерге олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат беруге мiндеттi. 
      6.5. Толық серiктердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады: 
      а) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту; 
      б) серiктестiктiң атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды керi шақырту; 
      в) серiктестiктiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекiту, оның таза кiрiсiн бөлу; 
      г) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм. 
      Аталған мәселелер бойынша шешiмдер қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады. Әрбiр қатысушының бiр дауысы бар. 
      6.6. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретiне жатқызылған мәселелердi өз қарауына қабылдай алады. 
      6.7. Серiктестiктiң атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп бередi және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңдарына сәйкес келiсiм-шарт негiзiнде реттеледi. 
      6.8. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi. Дирекция _______ мүшеден тұрады. Шешiмдер дирекция мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешушi дауыс болып саналады. 
      6.9. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыреттi, оның iшiнде: 
      күнделiктi және болашаққа арналған жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi; 
      қатысушылардың шешiмдерiн әзiрлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер бередi; 
      ақша қаражаттарын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шектерде серiктестiк мүлкiне билiк етедi; 
      серiктестiктiң атынан сенiмхатсыз шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; 
      банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады; 
      серiктестiктiң еңбек ұжымының орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; 
      серiктестiк қызметкерлерiн қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады; 
      сенiмхат бередi; 
      мемлекеттiк органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде серiктестiк қызметiнiң мәселелерi бойынша серiктестiктi бiлдiредi; 
      өз құзыретiнiң шегiнде басқа функцияларды атқарады. 
      6.10. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретiн белгiлейдi, оған мынадай мәселелер кiредi: 
      1. ____________________________________________________________ 
      2. ____________________________________________________________ 
      3. ____________________________________________________________ 
      6.11. Байқаушы кеңес _________ мүшеден тұрады. Байқаушы кеңес құрастыратын мәселелер бойынша шешiмдер, байқаушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. 
      6.12. Есеп берулердiң дәлдiгiн, серiктестiк қызметiнiң заңдарға, осы жарғыға, келiсiм-шарттар мен келiсiмдерге сәйкес болуын бағалау жөнiндегi функциялар жалпы жиналыстың шешiмi бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледi. 
      6.13. Серiктестiктiң тексеру комиссиясының құрамына серiктестiк қатысушылары, заң актiлерiне сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлiк есеп саласындағы тәуелсiз сарапшылар және басқа адамдар кiре алады. 
      6.14. Тексерiс жүргiзу үшiн тәуелсiз аудитор қатыстырылуы мүмкiн. 

 
7. Серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлу 

 
      7.1. Бюджетпен өзара қарым-қатынас жөнiндегi сомаларды және кәсiпорын қорларын құруға және толықтыруға бағытталған сомаларды қоспағанда, серiктестiктiң кiрiсi, егер серiктестiктiң құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталдағы салымдарының мөлшерiне бара-бар түрде бөлiнедi. 
      7.2. Серiктестiктiң ықтимал шығындары резервтiк қор есебiнен өтеледi. Шығыстарды өтеу үшiн резервтiк қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оларды өтеу көздерi туралы шешiмдi қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. 
      7.3. Таза кiрiстi бөлуге қатысудан серiктестiктiң қандай да бiр қатысушысын шеттететiн келiсiмдердiң күшi болмайды. 

 
8. Серiктестiктiң еңбек ұжымы 

 
      8.1. Директор жалға алу туралы келiсiм-шарт, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа нысандар негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы, бiрақ қызметкерлердiң барлық қызметкерлердi, соның iшiнде келiсiм-шарт және мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс iстейтiндердi, қосымша жұмыс iстейтiндердi, аталған субъектi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн есепке ала отырып айқындалатын орташа жылдық саны 50 адамнан аспауға тиiс. 
      8.2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды беруге кепiлдiк бередi. 
      8.3. Әрбiр қызметкердiң еңбек табысы жұмыстың түпкiлiктi нәтижелерiн есепке ала отырып, оның жеке еңбек үлесiмен айқындалады, оның ең көп мөлшерiне шек қойылмайды және оған белгiленген ережелерге сәйкес салық салынады. 
      8.4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, мемлекеттiк тарифтердi тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төмен кепiлдiгi ретiнде қарастыра отырып, келiсiм-шарттарда тарифтiк ставкалар мен жалақылар мөлшерiн көздейдi. 
      8.5. Серiктестiк қызметкерлерi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. 
      8.6. Серiктестiк барлық қызметкерлер үшiн қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi және олардың денсаулығы мен еңбек қабiлетiне келтiрген зиян үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi. 

 
9. Қатысушылардың серiктестiктiң борыштары
бойынша жауапкершiлiгi 

 
      9.1. Толық серiктер өзiнiң барлық мүлкiмен серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен бiрлесiп қосымша жауап бередi. 
      9.2. Салымшылар серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерi салған салымдары сомаларының шегiнде жауап бередi.
      9.3. Салымшы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) басқа салымшыларға, толық серiктерге не үшiншi адамдарға барлық толық серiктердiң келiсiмiмен ғана бере алады.
      Басқа салымшыларға, толық серiктестерге не үшiншi адамдарға үлестi берумен бiр уақытта серiктестiктен шыққан салымшыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы ауысады.

10. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату

      10.1. Серiктестiктiң қызметiн тоқтату қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
      10.2. Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тәртiппен, жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      10.3. Серiктестiк:
      1) қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) соттың шешiмi бойынша;
      3) заңдарда көзделген өзге негiздер бойынша таратуға жатады.
      10.4. Серiктестiктi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған серiктестiк iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.
      10.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Серiктестiк директоры              Тегi, аты, әкесiнiң аты

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
1997 жылғы 29 қыркүйектегi  
N 1382 қаулысына      
3-қосымша<*>       

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 29 қыркүйектегi 
N 1382 қаулысына     
4-қосымша<*>       

      ЕСКЕРТУ. 3,4-қосымшалар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 928  қаулысымен

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 29 қыркүйектегi 
N 1382 қаулысына     
5-қосымша   Q971382c  с 

Өндiрiстiк кооперативiнiң

ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

      1.1. ________________________________________________________
__________________________________________ өндiрiстiк кооперативi (бұдан әрi - кооператив), шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Кооперативтiң құрылтайшылары (бұдан әрi - қатысушылар) мыналар болып табылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      1.3. Кооперативтiң атауы: ___________________________________
________________________________ өндiрiс кооперативi.
       фирмалық атауы

      1.4. Кооперативтiң орналасқан жерi: _________________________
___________________________________________________________________
      1.5. Кооперативтiң қызмет мерзiмi ___________________________

2. Кооперативтiң заңдық мәртебесi

      2.1. Кооператив мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
      2.2. Кооперативтiң мөрi, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкiлерi болады.
      2.3. Кооператив өздерiнiң жеке еңбегiмен қатысуына және кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруге негiзделген бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет жүргiзу үшiн азаматтар мүшелiгiнiң негiзiнде құрылған. 
      2.4. Кооперативтiң өз атынан шарттар жасасуға, мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарды сатып алуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқығы бар. 
      2.5. Кооператив Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде филиалдар мен өкiлдiктер аша алады.
      2.6. Кооператив еркiн негiзде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде басқа заңды тұлғалармен бiрлестiктерге (одақтарға) кiруге құқылы.

3. Қызметiнiң мақсаты мен түрлерi

      3.1. Кооператив қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда алу болып табылады.
      3.2. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн кооператив заңдарда тыйым салынбаған қызметтiң мынадай негiзгi түрлерiн жүзеге асырылады:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      3.3. Ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi жүзеге асыруға кооперативтiң құқығы жоқ.

4. Кооперативтiң мүлкi

      4.1. Кооперативтiң жарғылық капиталы ________________________
___________________________________________ теңгеден тұрады.
      4.2. Кооперативтiң мүлкiн қалыптастыру көздерi:
      кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары;
      кооперативтiң қызметiнен алынған кiрiстер;
      Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер болып табылады.
      4.3. Кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк пен оның мүшелерiнiң пайдаларына бөлiнедi. Пай кооператив мүшесiнiң кооператив мүлкiндегi үлесi болып табылады. 
      4.4. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктегi үлестерi процент түрiнде есептеледi. 
      4.5. Кооператив таратылған немесе одан кооператив мүшесi шыққан жағдайда соңғысының кооператив мүлкiндегi өз үлесiн өз пайына бара-бар мөлшерде бөлiп алуға құқығы бар.
      4.6. Мүлiктiк жарналар кооперативтiң бастапқы капиталын қалыптастырады және олар оны құру және оның қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шығыстарды жасауға жұмсалады.
      4.7. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы, интеллектуалдық меншiк нәтижелерiне және өзге мүлiкке деген құқық кооперативке мүлiктiк жарна бола алады.
      4.8. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары: _____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      4.9. Кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының мөлшерi туралы
мәлiметтер: _______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      4.10. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасының құрамы, оны
енгiзудiң тәртiбi, әдiстерi мен мерзiмдерi: _______________________
___________________________________________________________________
      4.11. Жалпы жиналыстың шешiмi бойынша қосымша мүлiктiк жарналар енгiзу көзделуi мүмкiн.
      4.12. Кооперативтiң әрбiр мүшесiне оның кiру мүлiктiк жарнасының түрi мен мөлшерiн куәландыратын құжат берiледi.
      4.13. Мүлiктiк кооператив мүшесi кооперативке өзiнiң жарнасы ретiнде тек пайдалануға берген жағдайда жарнаның мөлшерi кооператив мүшелерiнiң келiсiмiмен белгiлеген кезеңге есептелген осы мүлiктi пайдаланудың жалдау ақысына сүйене отырып айқындалады. 

 
5. Кооперативке мүшелiк 

 
      5.1. Кооператив мүшелерi кемiнде екi адам болуға тиiс. 
      5.2. 16 жасқа толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне өз еңбегiмен қатысуға қабiлетi бар кез келген жеке адам кооператив мүшесi бола алады. 
      Кәмелетке толмағандар кооперативке мүшелiкке өткен кезде олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келiсiм талап етiледi. 
      5.3. Кооператив мүшесi төрағаға шығуынан кемiнде екi апта бұрын бұл туралы жазбаша ескерте отырып, өз қалауынша одан шығуға құқылы. 
      5.4. Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша одан: 
      жарғымен өзiне жүктелген мiндеттемелердi жүйелi түрде орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда; 
      осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты шығарылуы мүмкiн. 
      5.5. Кооперативке мүшелiк мынадай жағдайларда: 
      кооператив мүшесi қайтыс болғанда, ол қайтыс болды деп хабарлағанда, ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылғанда; 
      кооператив мүшесi өз пайын белгiленген тәртiппен басқа адамға бергенде; 
      несие берушi (несие берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайын өтемге алғанда тоқтатылады. 
      5.6. Кооператив мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi кооперативке мүшелiкке қабылдана алады. Мұрагерлер кооперативке мүшелiкке өтуден бас тартқан жағдайда оларға қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мүлiктегi үлесi қайтыс болған мүшенiң пайына бара-бар мөлшерде төленедi. 
      5.7. Кооператив мүшесi өз пайын кооперативтiң басқа мүшесiне сатуға немесе басқадай жолмен беруге құқылы. Пайды үшiншi адамдарға беруге кооперативтiң қалған мүшелерi келiсiм бергенде ғана жол берiледi. 

 
6. Кооператив мүшесiнiң пайын өтеуге алу 

 
      6.1. Кооператив мүшесiнiң пайын оның жеке борыштары бойынша өтемге алуға мұндай борыштарды жабу үшiн оның өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде ғана жол берiледi. 
      6.2. Пайды өтемге берген кезде кооператив өзiнiң борышкер мүшесiнiң пайына сәйкес келетiн үлестi кооператив мүлкiнен бөледi. Үлес мөлшерi несие берушiнiң талап етуi келiп түскен күнгi бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалады.
      Үлес ақшалай немесе заттай нысанда бөлiнедi.

7. Кооперативтiң басқару және бақылау органдары

      7.1. Кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
      Кооператив қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:
      а) кооперативтiң жарғысын өзгерту;
      б) атқарушы, тексеру органдарын және байқаушы кеңесiн құру және олардың мүшелерiн керi шақырту;
      в) кооперативтiң қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және олардың пайдаланылуының бағыттарын белгiлеу;
      г) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн, кооперативтiң лауазымды адамдарына, оның мүшелерiне және жалдамалы жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу туралы ережелердi және кооперативтiң басқа да iшкi актiлерiн қабылдау мен өзгерту; 
      д) кооперативтiң филиалдары мен өкiлдiктерiн құру, шаруашылық серiктестiктерiн құру және оларға қатысушы ретiнде кiру; 
      е) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу; 
      ж) кооперативтiң мүшелiгiне қабылдау және одан шығару; 
      з) кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекiту, оның таза кiрiсiн бөлу; 
      и) кооперативтi қайта ұйымдастыру мен тарату туралы мәселенi шешу; 
      к) тексеру комиссиясының есебiн бекiту; 
      л) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдау. 
      Кооперативтiң айрықша құзыретiне кiретiн мәселелер кооперативтiң атқарушы органдарының қарауына берiлмейдi. 
      7.2. Жалпы жиналыс кезектi және кезектен тыс болуы мүмкiн. 
      Кезектi жалпы жиналыс кооперативтiң төрағасы белгiлеген мерзiмдерде, бiрақ кезектi қаржы жылы аяқталғаннан кейiн 3 айдан кешiктiрмей өткiзiлуi тиiс. 
      7.3. Жалпы жиналыс оған кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi адамдарының жартысынан астамы қатысқанда заңды болып есептеледi. 
      7.4. Жалпы жиналыс шешiм қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесiнiң өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысы болады. 
      Жалпы жиналыстың шешiмi жалпы жиналысқа қатысып отырған кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi адамдарының жартысынан астамы оны жақтап дауыс бергенде қабылданған болып есептеледi. 
      7.5. 1-тармақтың а), е), ж), и)-тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешiмдер кооперативтiң барлық мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi оларды жақтап дауыс бергенде қабылданған болып есептеледi.
      Кооперативтi шаруашылық серiктестiк етiп қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру бiрауыздан қабылданған шешiмнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Шығару туралы мәселесi қаралып отырған кооператив мүшесi дауыс беруге қатыспайды.

8. Кооперативтiң атқарушы органы

      8.1. Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады.
      8.2. Кооператив басқармасын басқарма мүшелерiнiң арасынан жалпы жиналыс сайлайтын төраға басқарады.
      8.3. Кооператив басқармасының мүшелерi (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналыстарында кооператив мүшелерiнiң арасынан ______________ мерзiмге сайланады.
      Кооператив басқармасы (төрағасы) кооперативтiң қызметiне ағымдағы басшылық жүзеге асырады және мұндай қызметпен байланысты және кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселенi шешедi. 
      Кооператив басқармасы (төрағасы) жалпы жиналыстың алдында есеп бередi. 
      Басқарма (төраға): 
      кооперативтiң атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды; 
      заңдарда көзделген шектерде кооперативтiң мүлкiне билiк етедi; 
      кооперативтiң атынан сенiмхаттар, оның iшiнде қайта сенiм бiлдiру құқығымен сенiмхаттар бередi; 
      банктерде және басқа да несие ұйымдарында кооперативтiң шоттарын ашады; 
      жалдамалы жұмыскерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 
      өз құзыретiнiң шегiнде кооперативтiң мүшелерi мен жалдамалы жұмыскерлердiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi. 
      8.4. Төрағаның орынбасары жалпы жиналыста тағайындалады және ол төраға болмаған кезде және төраға өз мiндеттерiн дәлелдi себептер бойынша орындай алмаған кезде оның функцияларын атқарады, сондай-ақ жалпы жиналыс пен төрағаның тапсырмаларын орындайды. 

 
9. Тексеру комиссиясы 

 
      9.1. Кооператив тексеру комиссиясын құруға құқылы, ол кооперативтiң атқарушы органдарының қаржылық қызметiне бақылау жасайды. Кооператив мүшелерi ғана тексеру комиссиясына мүше бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң атқарушы органының мүшесi бола алмайды. 
      9.2. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады.
      Тексеру комиссиясының құзыретiне басқарманың қаржылық қызметiн тексеру, бухгалтерлiк құжаттарды және қаржылық есептi тексеру кiредi.
      9.3. Тексеру комиссиясы:
      а) жалпы жиналыстың тапсырмасы бойынша;
      б) өз бастамашылығымен;
      в) кооператив мүшелерiнiң кемiнде 10 процентiнiң талап етуi бойынша тексеру жүргiзедi.
      9.4. Қаржылық қызметке тексеру жүргiзу және қаржылық есептiлiктi растау үшiн кооператив сыртқы аудиторларды қатыстыра алады.

10. Кооператив мүшелерiнiң оның қызметiне еңбекпен қатысуы

      10.1. Кооперативтiң әрбiр мүшесi кооператив қызметiне өз еңбегiмен қатысуға тиiс.
      10.2. Кооператив мүшесiнiң жеке еңбекпен қатысуының сипаты мен тәртiбiн жалпы жиналыс белгiлейдi және олар жалпы жиналыстың хаттамасымен ресiмделедi.
      10.3. Кооператив мүшесi кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапқа тартылады, сондай-ақ ол жалпы жиналыстың шешiмi бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкiн.

11. Таза кiрiстi бөлудiң тәртiбi

      11.1. Кооперативтiң кiрiстерi жылдық қорытынды бойынша айқындалады. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн қалған кiрiс кооперативтiң толық билiгiнде қалады және өндiрiстi дамытуға, шикiзат пен материалдарды сатып алуға, жалдамалы жұмыскерлерге еңбек ақы төлеуге жұмсалады.
      11.2. Кiрiстiң бiр бөлiгi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша кооператив мүшелерiнiң арасында олардың еңбекпен қатысуына сәйкес бөлiнедi.
      11.3. Кооперативтiң шығындары оның мүлкiнiң есебiнен өтеледi.
      11.4. Кооператив мүлкi жетпеген жағдайда кооператив мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қосымша (бiрлескен) жауапкершiлiкте болады.
      Мүшенiң қосымша (бiрлескен) жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi кооператив мүшесi пайының құнының мөлшерi болады. Кооператив мүшелерiнiң арасында жауапкершiліктi бөлу олардың пайларының мөлшерiне бара-бар жүргiзiледi.

12. Кооперативтiң қызметiн тоқтату

      12.1. Кооперативтiң қызметiн тоқтату қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
      12.2. Кооперативтi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) жалпы жиналыстың шешiмi бойынша заңдарда көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      12.3. Кооператив:
      1) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) соттың шешiмi бойынша;
      3) заңдарда көзделген өзге негiздер бойынша таратуға жатады.
      12.4. Кооперативтi таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған кооператив iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.
      12.5. Тарату қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Кооператив төрағасы                Тегi, аты, әкесiнiң аты