Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына арналған негiзгi мерейтойлық шараларды өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 қыркүйектегi N 1322

Қолданыстағы
      "Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлену және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 810 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 340-құжат) орындау үшiн және негiзгi мерейтойлық шараларды ойдағыдай өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi жұмыстардың барысы туралы" Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Мәдениет департаментiнiң хабарламасы назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлену және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 810 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 340-құжат):
      Д.Қ.Қасейiнов, В.Л.Метте, Р.Қ.Тоқсейiтов, В.В.Храпунов Мұхтар

Әуезовтiң туғанына 100 толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi
мерейтойлық комиссияның құрамына енгiзiлсiн;
     Ш.Құлмаханов, Т.А.Мамашев, Ғ.Б.Жақиянов, М.Ж.Жұрынов,
О.Б.Мұхамеджанов көрсетiлген құрамнан шығарылсын;
     "М.Әуезовтiң туғанына 100 толуына әзiрлiк және оны өткiзу
жөнiндегi Республикалық штаб туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 6 ақпандағы N 164  

P970164_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 6, 45-құжат):
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     мыналар М.Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны
өткiзу жөнiндегi Республикалық штабтың құрамына енгiзiлсiн:

     Қасейiнов Д.Қ.           - Қазақстан Республикасының
                                Бiлiм және мәдениет министрлiгi
                                Мәдениет департаментiнiң
                                директоры, жетекшiнiң орынбасары

     Метте В.Л.               - Шығыс Қазақстан облысының
                                әкiмi, жетекшiнiң орынбасары

     Баймағамбетов С.З.       - Қазақстан Республикасының
                                Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi
                                үйлестiру бөлiмiнiң консультанты

     Ыбыраев Ш.               - Қазақстан Республикасының
                                Ұлттық Ғылым академиясы
                                Әдебиет және өнер институтының
                                директоры

     Ыдырысов Е.Ә.            - Қазақстан Республикасы
                                Сыртқы iстер министрiнiң
                                бiрiншi орынбасары

     Қонаев Д.А.              - Халықаралық М.Әуезов қорының
                                президентi

     Тоқсейiтов Р.Қ.          - Қазақстан Республикасы
                                Бiлiм және мәдениет министрiнiң
                                орынбасары (вице-министрi)

     Храпунов В.В.            - Алматы қаласының әкiмi



      Т.А.Мамашев, Ғ.Б.Жақиянов, С.Ә.Әбдiрахманов, М.Ж.Жұрынов, Ш.Құлмаханов, О.Б.Мұхамеджанов көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi бiр апталық мерзiм iшiнде шақырылған шетелдiк қонақтардың түпкiлiктi тiзiмiн анықтасын және оны Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штабқа ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының әкiмдерi:
      Қырғызстан Республикасындағы М. Әуезовтiң мұражай-үйiнiң; Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрiлi селосындағы кесененiң; М.Әуезовтiң мұражай-үйiнiң жөндеу-қалпына келтiру, безендiру жұмыстарын, Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы көшенi қайта жаңарту, М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрын күрделi жөндеудi аяқтау жөнiнде шаралар қабылдасын;
      мерейтойдың басқа қалалар мен шетелдерден келген қонақтарын және қатысушыларын қонақ үйлерге орналастыруды ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мерейтойдың негiзгi шараларын өткiзу үшiн көзделген қаражаттың уақытылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Қорғаныс министрлiгi шетелдiк қонақтар мен ресми делегациялардың құжаттарын уақытында және жедел ресiмдеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының әкiмдерi М.О.Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуын өткiзу жөнiндегi Республикалық штабтың өтiнiмi бойынша:
      үстiмiздегi жылдың қыркүйегiнде Алматы қаласынан Семей қаласына және керi қарай қосымша авиасапарлардың орындалуын көздесiн;
      мерейтойдың қонақтары мен қатысушыларына арнап ұшақтар мен поездардан орындар броньдауды қамтамасыз етсiн;
      шараларға, делегациялар мен қонақтарға қызмет көрсету үшiн автокөлiк бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының әкiмдерi тамақтану пункттерiн, мерейтойдың қонақтары мен оған қатысушыларға медициналық және тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шаралар өтетiн және мерейтойдың қонақтары мен оған қатысушылар тұратын жерлерде құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      10. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат

iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi (келiсiм бойынша) мерейтойға
әзiрлiктiң және оны өткiзудiң барысын кеңiнен көрсету жөнiнде шаралар
қабылдасын.
     11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi шетелдiк
қонақтар мен облыстық делегацияларды республиканың министрлiктерi мен
ведомстволарына бекiтiп беру туралы Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлесiн және оны бекiтуге
енгiзсiн.
     12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi И.Н.Тасмағамбетовке
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi