Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қазандағы N 1289
қаулысына
:
аталған қаулымен бекiтiлген "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарындағы:
реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын;
"1997 жылға арналған реформаларын тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533
қаулысына
:
аталған қаулыға қосымшадағы:
II.3-тараушадағы (Жекешелендiру, кәсiпорынды реформалау және мемлекеттiк меншiктi басқару).
реттiк нөмiрi 39-жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi