Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 тамыздағы N 1277

Қолданыстағы
      Жаңа экономикалық жағдайда жеке адамдардың тұрғын үй сатып алуы, тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшiн банктiк несиелендiрудiң көлемiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес жеке адамдарға тұрғын үй құрылысын салуға және тұрғын үй сатып алуға берiлетiн ипотекалық несиелердi кейiн республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қайта қаржыландыру үшiн екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық iрiктеудi жүргiзу жөнiнде комиссия (бұдан әрi - комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.
      Комиссия қайта қаржыландырудың арнаулы шарттарын мынадай негiзгi принциптердiң негiзiнде айқындайды:
      екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген олардың сенiмдiлiк өлшемдерiне сүйене отырып және олар АҚШ долларына бара-бар есептелген, жылына 12 проценттен аспайтын проценттiк ставкалар бойынша кемiнде үш жыл мерзiмге ипотекалық несие берген жағдайда, Қаржы министрлiгi жүзеге асырады;
      жекелеген банкке бөлiнетiн қаражат лимитi мен осы банк өз ресурстарының есебiнен өткен жылы (кезеңде) берген ипотекалық несиелер көлемi арасында тiкелей тәуелдiлiк болады.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      мемлекеттiк банктер арқылы екiншi деңгейдегi банктермен несиелiк шарттар жасауды және тұрғын үй құрылысына және 1998 жылға арналған республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiнгi 10 күндiк мерзiм iшiнде тұрғын үй сатып алуға олар берген несиелердi қайта қаржыландыру жөнiнде операциялар жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      1998 жылдан бастап республикалық бюджеттiң жобаларында екiншi деңгейдегi банктердiң тұрғын үй құрылысын және жеке адамдардың, құны бойынша 40-50 млн, АҚШ долларына бара-бар тұрғын үй сатып алуын несиелендiруiне арналған қаражат көздесiн;
      бiр ай мерзiм iшiнде жеке адамдарға үш жылдан астам мерзiмге өз мұқтажы үшiн тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй салу үшiн берiлген ипотекалық несиелер бойынша алынған проценттер бойынша табысқа салық салудан банктердi босату бөлiгiнде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммерциялық құрылыс салушылар функциясы бар басқа ұйымдардағы коммерциялық құрылыс салушылар функциясы бар басқа ұйымдардағы мемлекет үлесiн жекешелендiрудi аяқтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi:
      1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      1997 жылдың 15 қазанына дейiн мерзiмде жаңа экономикалық жағдайда тұрғын үй саясатын жүзеге асыру тетiгi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық құжаттардың пакетiн әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      4. Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      инженерлiк инфрақұрылым құруда және тұрғын үй салуда коммерциялық құрылыс салушылардың қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензиялар алудың тәртiбiн оңайлату;
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша тұрғын үй құрылысын салу және республикада инженерлiк инфрақұрылымды дамыту үшiн тiкелей инвестицияларды және халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн мерзiмде құрылыс салушылар үшiн олар мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында коммуналдық, энергетикалық, көлiктiк және басқа да инженерлiк инфрақұрылымдар жасау жөнiндегi функциялар мен мiндеттердiң шегiн ажырата отырып, конкурстық негiзде тұрғын үй салуға жер учаскелерiн бөлу жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеп, қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 тамыздағы N 1277 қаулысына қосымша


             Жеке адамдарға тұрғын үй құрылысын салуға және

         тұрғын үй сатып алуға берiлетiн ипотекалық несиелердi
            кейiн қайта қаржыландыру үшiн екiншi деңгейдегi
                 банктердi конкурстық iрiктеу жөнiндегi
                                 КОМИССИЯ

     Дәмитов К.К.              - Қазақстан Республикасының Экономика
                                 және сауда вице-министрi, комиссия
                                 төрағасы

                              Комиссия мүшелерi:

     Мыңбаев С.М.              - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                 вице-министрi

     Аханов С.А.               - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                                 төрағасының орынбасары (келiсiм
                                 бойынша)
     Сәметова З.Д.             - Қазақстан Республикасының
                                 Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiмет
                                 шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру
                                 бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi