Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау
туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 20 тамыздағы
                                           N 1272 қаулысымен
                                               бекiтiлген

           Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi
                            лицензиялау туралы
                                  ЕРЕЖЕ

     I. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже мал дәрiгерлiк қызметтi мемлекеттiк лицензиялаумен
байланысты қарым-қатынастарды реттейдi.
     2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын мынадай қызмет
түрлерi лицензиялауға жатады:
     мал-дәрiгерлiк емдеу-алдын алу;
     мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрi-дәрмек жасап шығару мен сату;


      азықтық қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрден тыс, минералды-витаминдi ұстама азықты өндiру мен сату;
      мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрiлiк заттарды, биологиялық дәрi-дәрмектi, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринарлық мақсаттағы атрибуттарды сату;
      мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау мен дезинсекциялау.
      3. Мал дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамның лицензиясының (бұдан әрi - лицензия) болуы мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556
               қаулысымен. P000556_
      4. Лицензия иелiктен алынбайды. Лицензияны басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
      5. Осы Ережеге сәйкес берiлген лицензия лицензиатқа онда көрсетiлген мал дәрiгерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат берiлгенiн куәландыратын ресми құжат болып табылады.
      6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ

адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бiрдей шарттар
мен тәртiп бойынша алады.

     II. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi

     7. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары (лицензиар) 
жүргiзедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556           
              қаулысымен.  

P000556_

 

     8. Лицензияның мынадай түрлерi белгiленедi:
     бас - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға арналған;
     бiржолғы - белгiлi бiр шаруашылық қызмет жасауға арналған;
     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556           
              қаулысымен.  

P000556_

 
     


      9. Заңды және жеке тұлғалардың бiр мезгiлде мал дәрiгерлiк қызметтiң бiр, бiрнеше немесе барлық түрiне лицензиялары болуы мүмкiн,
      10. Лицензияның бланкiлерiнiң бағалы қағаз деңгейiнде қорғаныс дәрежесi болады, олар қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және олардың есептiк сериясы мен нөмiрi болады.
      Лицензия бланкiлерiн жасап шығару, есепке алу мен сақтау лицензиарға жүктеледi.
      11. Лицензия алу үшiн заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушiлер) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      жоғары немесе арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмесi;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
      лицензиаттың осы Ереженiң III тарауында көзделген талаптарға сай екенiн растайтын құжаттар.
      12. Лицензиар ұсынылып отырған мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн тексеруге құқылы.
      13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн

алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық
заңдарымен белгiленедi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556  
              қаулысымен.  

P000556_

 
     
     14. Лицензия беру туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге
өтiнiш берiлген күннен бастап заңды тұлғалар үшiн - бiр ай мерзiмнен
кешiктiрiлмей, жеке тұлғалар үшiн - он күннен кешiктiрiлмей
қабылданады.
     Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн
белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап
қайтарылады.
     15. Лицензия, егер:
     осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар
ұсынылмаса;
     лицензия беру үшiн алым енгiзiлмесе;


      өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса, берiлмейдi.
      Өтiнiш берушi аталған ескертулердi жойған кезде өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiп бойынша қаралады.
      16. Мынадай себептермен:
      өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын беру орынсыз;
      нарық жүргiзуге не сатуға лицензия талап етiлетiн жұмыстар мен (қызмет көрсетулермен) молыққан;
      нарықта монополиялық жағдай қамтамасыз етiлген;
      өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк абыройы

күмәндi, оның iшiнде егер тыйым салулар мен керi қайтарып алулар
заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес өз күшiн жойған (өтелген) деп
есептелсе, бұрын сотталғандығы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға
бұрын тыйым салынуы, алдыңғы лицензияның керi қайтарып алынуы
себептерi бойынша күмәндi деп лицензия беруден бас тартуға тыйым
салынады.
     17. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас
тарту өтiнiш берушiге негiзсiз деп көрiнсе, ол бұл әрекеттерге
заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
     18. Лицензия мынадай жағдайларда:
     
<*>

     лицензия керi қайтарып алынғанда;
     азаматтар кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда;
     заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
     жеке тұлға қайтыс болғанда;
     жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер толық көлемде
орындалғанда өз күшiн тоқтатады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556          
               қаулысымен.  

P000556_

 
     
     19. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия заңды күшiн
сақтайды.
     20. Лицензияны белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда: 
<*>

     лицензиат лицензияда қамтылған лицензиялық және мал дәрiгерлiк
заңдардың талаптарын орындамағанда;
     сот лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен
айналысуға тыйым салғанда;
     лицензиар лицензияның күшiн уақытша тоқтатқан себептер
жойылмағанда керi қайтарып алуы мүмкiн.
     ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556          
               қаулысымен.  

P000556_

 



      21. Лицензиар уақытша тоқтату себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшiн алты ай мерзiмге дейiн белгiленген тәртiппен тоқтата алады.
      22. Лицензияның күшi уақытша тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта жаңартылады.
      23. Керi қайтарып алынғаннан кейiн лицензияны қайта беру осы Ереженiң 11-тармағында көзделген жалпы негiздер бойынша жүргiзiледi.
      Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556
               қаулысымен. P000556_

      III. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн
           тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары <*>

      24. Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:
      Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
      мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы;
      мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi болуы;
      қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы;
      СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейiндегi технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс.
      Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
      арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша:
      жоғары бiлiмi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы

орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы 
болуы;
     қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы 
(сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын 
мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы;
     денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы;
     санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес 
органдарының қорытындысы болуы тиiс. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556          
              қаулысымен.  

P000556_

 

     25. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 25-тармақ алынып тасталды  - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 
              қаулысымен.  

P000556_

 

     26. Лицензиаттар Қазақстан Республикасы уәкiлеттi орган берген сапа 
сертификаты бар дәрiгерлiк дәрiлiк заттарды ғана пайдалануға мiндеттi 
(импорттық ветеринарлық дәрi-дәрмектердiң сәйкестiк сертификаты болуға 
тиiс, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркеуден өтуге тиiс). 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556          
              қаулысымен.  

P000556_

 

     IV. Жауаптылық және бақылау

     27. Мал дәрiгерлiк қызметпен лицензиясыз не лицензиялық нормалар
мен ережелердi бұза отырып айналысу заңдарда белгiленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
     28. Лицензия иесi:
     Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауға;
     өз қызметiн лицензияда көрсетiлген шарттармен қатаң сәйкестiкте
жүзеге асыруға;
     лицензиардың талап етуi бойынша лицензияланатын қызмет туралы
мәлiметтердi ұсынуға;
     өзiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткенi туралы лицензиарға
хабарлауға мiндеттi.
     29. Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған
қаражат лицензиардың ұсынуы бойынша сот тәртiбiмен тиiстi бюджеттiң
кiрiсiне алуға жатады.
     30. Заңды және жеке тұлғалар лицензиарға ұсынылатын
мәлiметтердiң сенiмдiлiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап
бередi.


      31. Лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталынуына бақылау жасаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлейдi.
      32. Лицензияның тоқтатылуымен немесе уақытша тоқтатылуымен байланысты барлық даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi.