Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1252

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi
Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1533  

P961533_

  қаулысына:
     Осы қаулының қосымшасына:
     "Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмде, реттiк
нөмiрi 111, мына жолдар алынып тасталсын:
     "Қылмыс жасағаны үшiн    Заң жобасы,  қараша   МТК ( келiсiм
     күдiктiлердi және айып.  Үкiмет       1997 ж.  бойынша),
     талғандарды қамауда      қаулысы               Iшкiiсминi,
     ұстаудың тәртiбi мен                           Жоғарғы Сот
     шарттары туралы                                (келiсiм бойынша),
                                                    Әдiлетминi"

     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң
жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14  

P970014_

  қаулысына:
     осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы Заң жобасы жұмыстарының жоспарына:
     реттiк нөмiрi 63-жолдар алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi