Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм мәселелерi институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыз N 1244. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.24. N 256 қаулысымен. ~P980256

Күшін жойған
      Басқаруды жетiлдiру, мемлекеттiк ұйымдардың жүйесi мен штаттарын оңтайландыру және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм мәселелерi институты Республикалық оқу-әдiстемелiк кабинетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ұйымдардың 1997 жылға арналған шығыстар сметасына өзгерiс енгiзсiн.
      Көрсетiлген өзгерiс 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүргiзiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтын қайта құру және "Бiлiм" ғылыми-педагогикалық бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 282-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 453-құжат).
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi