"Екiбастұз 2-ГРЭС" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1242

Қолданыстағы
      Қатысушылардың қажеттi санының болмауына байланысты Екiбастұз 2-ГРЭС-i акцияларының 66 процентiн жекешелендiру жөнiндегi инвестициялық тендердiң өткiзiлмей қалғанын, ал аталған объектi балансының қанағаттанғысыз құрылымынан оның тартымдылығының төмен болуына байланысты әлеуеттi инвесторлардың ұсыныстарының жеткiлiктi түрде тиiмдi болмағанын назарға алғанда, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың күзгi-қысқы максимумына дайындық үшiн уақыттың тапшылығын ескергенде, Екiбастұз 2-ГРЭС-iн сату жөнiнде жаңа тендер өткiзу қазiргi уақытта орынсыз болып табылады.
      Сонымен бiр мезгiлде электр энергиясының көтерме нарығын қалыптастыру кезiнде оны авариялық бронь бойынша берiп тұруды қамтамасыз ету және электр энергиясын өндiрудi монополияландырылуының ықтималдығына байланысты мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерi реттелмей қалғанын ескергенде, ортақ пайдаланыстағы мемлекет басқаратын электр станциясының болуы қажет.
      Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Екiбастұз 2-ГРЭС-iн кiдiрiссiз санациялау, электр энергиясын авариялық бронь бойынша берiп тұруды қамтамасыз ету және электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру жағдайында мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.06. N 936
               қаулысымен. P990936_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың және "KEGOC" электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамының қатысуымен бiр ай мерзiм iшiнде Электр энергиясын авариялық бронь бойынша кепiлдi берiп тұру туралы ереженi әзiрлеп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      3. "Екiбастұз 2-ГРЭС" мемлекеттiк кәсiпорнын акционерлендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қарашадағы N 1372 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi