Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 тамыздағы N 1217. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. ~P020397

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасында түркi тiлдi мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО-ның және Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067 P971067_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Жiбек жолы" ұлттық комитетiнiң төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi И.Н.Тасмағамбетов тағайындалсын;
      аталған комитеттiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Бекбосынов К. - ежелгi Тараз ескерткiштерi қорық-мұражайының директоры;
      Демитов К.К. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары /вице-министр/;
      Жәлелов У.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет департаментiнiң мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен мұражай жұмыстары инспекциясының бастығы;
      Құлыбаев А. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда

министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау жөнiндегi
агенттiгiнiң директоры;
     Қозыбаев М.  - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология
институтының директоры;
     Рыскелдиев Т. - "Әзiрет-Сұлтан" Түркiстан тарихи-мәдени
қорық-мұражайының директоры;
     Ходжаев М.   - Отырар археологиялық қорық-мұражайының директоры;
     Хадлоу М. - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлi
(келiсiм бойынша).
     "Жiбек жолы" ұлттық комитетiнiң құрамынан мыналар шығарылсын:
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
А.С.Есiмов;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары