"Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысын әзiрлеудiң және өткiзудiң ерекшелiктерi туралы ереже;
сырттай дауыс беруге арналған бюллетеннiң үлгi нысаны;
инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта құру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыру мақсатында бiр ай мерзiм iшiнде инвестициялық жекешелендiру қорларына жекешелендiру купондарын салған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәлiметтер берсiн, инвестициялық жекешелендiру қорларының өтiнiшi бойынша аталған мәлiметтердi нақтыласын.
3. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi берген жоғарыда аталған мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгi үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi жауап бередi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi:
екi ай мерзiм iшiнде Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ережеде көзделген ақпаратты, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң бiрiншi жалпы жиналысы өткiзiлетiн күндi қамтитын инвестициялық жекешелендiру қорларының есептерiн жинап, оларға талдау жасасын және инвестициялық жекешелендiру қорларына оларды қайта тiркеудi, қайта ұйымдастыруды не таратуды ұсынсын;
акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысын өткiзгенге дейiн инвестициялық жекешелендiру қорларының инвестициялық жекешелендiру купондарына акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алуға деген құқығын әрбiр инвестициялық жекешелендiру қорымен аталған акцияларды, ал акциялар эмиссиясы мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жағдайда - акционерлiк қоғамның жарғылық капиталындағы тиiстi қатысу үлесiн сатып алу-сату шарттарын жасасу арқылы ресiмдеудi аяқтасын;
инвестициялық жекешелендiру қорларының акционерлерiне инвестициялық жекешелендiру қорларының есебiмен танысу және сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi байланыс бөлiмшелерiнен немесе Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен баспасөзде инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысының өткiзiлуi туралы ақпарат жарияланғанға дейiн алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi бiр ай мерзiм iшiнде инвестициялық жекешелендiру қорларына инвестициялық жекешелендiру купондарының үзбе талондарын берсiн.
6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1208 қаулысымен
бекiтiлген
Инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң
жалпы жиналысын әзiрлеу мен өткiзудiң ерекшелiктерi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 14 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленiп, күшiне енгiзiлiп отыр.
1. Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң бiрiншi жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнен оның қайта тiркелгенi, қайта ұйымдастырылғаны не таратылғаны туралы ұсыным алғаннан кейiн және осы Ереже күшiне енген күннен бастап алты айдан кешiктiрмей өткiзiлуге тиiс.
Инвестициялық жекешелендiру қоры оған инвестициялық жекешелендiру купондарын салған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәлiметтер алған күннен бастап бiр айдың iшiнде акционерлердiң тiзiлiмiн қалыптастыруға тиiс.
Акционерлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi инвестициялық жекешелендiру қорлары мамандандырылған ұйым - бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсiби қатысушыға тапсыруға мiндеттi.
2. Бiрiншi жалпы жиналыстың алдағы шақырылуы туралы акционерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарлама жариялау арқылы хабарланады.
Бiрiншi жалпы жиналыстың өткiзiлуi туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында еркiн таралатын, таралымы кемiнде отыз мың дана, орыс және қазақ тiлiндегi кемiнде екi республикалық баспасөз органында жариялануға тиiс.
Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң бiрiншi жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарламада мыналар көрсетiлуге тиiс:
инвестициялық жекешелендiру қорының атауы және оның орналасқан жерi;
жалпы жиналысы өткiзiлетiн күн, уақыт және орын;
жалпы жиналыстың күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер, жалпы жиналыс өткiзуге дайындық кезiнде акционерлерге ұсынылуға тиiс ақпаратпен танысудың тәртiбi мен шарттары.
Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы аталған хабарлама жиналыс өткiзiлетiн күннен бұрын қырық күннен кешiктiрмей жариялануға тиiс.
3. Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу құқығын тиiстi инвестициялық жекешелендiру қорына инвестициялық жекешелендiру купондарын салған және оның акционерлерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген барлық азаматтар иеленедi.
Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң бiрiншi жалпы жиналысы қатысушы акционерлердiң санына қарамастан шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Шешiмдер осы Ереженiң 5-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда дауыс беруге қатысқан акционерлердiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
5. Жарғыны өзгерту, жарғылық қордың мөлшерiн белгiлеу, инвестициялық жекешелендiру қорын тарату немесе қайта ұйымдастыру, оның органдарының мүшелерiн сайлау және қайта шақыртып алу, пайданы бөлу және зиянды өтеу тәртiбi мәселелерi бойынша шешiмдер дауыс беруге қатысқан акционерлердiң дауыс санының кемiнде үштен екiсiмен қабылданады.
6. Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысында дауыс беру сырттай немесе аралас (iштей дауыс беруге қоса сырттай) дауыс беру нысанында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жөнелту (тарату), оларды акционерлердiң толтыруы және инвестициялық жекешелендiру қорының мекен-жайына жiберуi арқылы жүзеге асырылады.
Сырттай дауыс берудi жүргiзу кезiнде мынадай талаптар орындалуға тиiс:
күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн бiрыңғай нысандағы бюллетеньдер пайдаланылуға тиiс (қоса берiлiп отыр);
дауыс беруге арналған бюллетень инвестициялық жекешелендiру қорының толық атауын, жиналыс өткiзiлетiн күндi, әрбiр мәселенiң қисынын және оның қаралу кезектiлiгiн, дауыс беруге қойылған әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен бейнеленген нұсқаларын, бюллетеньге дауыс берушi қол қоюға тиiс екенiне нұсқауды қамтуға тиiс;
инвестициялық жекешелендiру қоры органдарының мүшелерiн сайлау мәселелерi бойынша дауыс беру кезiнде бюллетень үмiткерлер туралы олардың тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген мәлiметтердi (егер бар болса) қамтуға тиiс;
дауыс беру кезiнде дауыс берушiлерге дауыс берудiң ықтимал нұсқаларының бiр ғана қалдырылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледi.
7. Сырттай дауыс берудi жүргiзудiң осы Ереженiң талаптарына сәйкес тәртiбiн, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеннiң мәтiнiн, толтырылған бюллетеньдердi инвестициялық жекешелендiру қорының қабылдауының соңғы күнiн инвестициялық жекешелендiру қорының байқаушы кеңесi белгiлейдi.
Бюллетеньдердi тiркеу мен олардың сақталуына инвестициялық жекешелендiру қорының байқаушы кеңесi жауап бередi.
Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамаға байқаушы кеңестiң мүшелерi қол қояды.
8. Акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысында инвестициялық жекешелендiру қоры басқарушысының заңдармен талап етiлетiн ақпаратқа қоса мынадай:
инвестициялық жекешелендiру қорының бағалы қағаздар сатып алуы жөнiндегi операциялар туралы;
инвестициялық жекешелендiру қорының бағалы қағаздарды сатуы жөнiндегi операциялар туралы;
инвестициялық жекешелендiру қорының шығыстары туралы мәлiметтердi қоса ұсынған, қордың қаржылық жағдайы туралы есебi тыңдалады.
9. Акционерлердiң енгiзiлген жалпы жиналысы және оның қабылдаған шешiмдерi туралы инвестициялық жекешелендiру қорының байқаушы кеңесi он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне хабарлауға мiндеттi.
10. Акционерлердiң жалпы жиналыстарын өткiзгеннен кейiн инвестициялық жекешелендiру қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен және жалпы жиналыста қабылдаған шешiмдердi есепке ала отырып қайта тiркеуге жатады.
Аталған қайта тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн қорлар инвестициялық жекешелендiру қорлары ретiндегi өз қызметiн тоқтатады және олар қолданылып жүрген заңдарға және өз жарғыларына сәйкес кез келген қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде бағалы қағаздар
нарығында инвестициялық қор ретiнде iс-әрекет жасауға құқылы.
11. Осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде акционерлердiң жалпы
жиналысын өткiзбеген, сондай-ақ акционерлердiң бiрiншi жалпы
жиналысын өткiзген күннен бастап үш ай iшiнде осы Ереженiң
10-тармағына сәйкес қайта тiркеуден өтпеген инвестициялық
жекешелендiру қорлары уәкiлеттi мемлекеттiк органның талап етуi
бойынша сот тәртiбiмен мәжбүрлеп таратуға жатады.
Қосымша
Нысан
Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң
жалпы жиналысында
СЫРТТАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БЮЛЛЕТЕНЬ
ИЖҚ АҚ__________
Мекен-жайы _______
Купондар салымшысы
---------------
Тегi Аты Әкесiнiң аты
---- --- ------------
___________________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
(егер мекен-жайы өзгерген болса, 1994 жылғы 1 қаңтардан бергi
мекен-жайы көрсетiлсiн)
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
Жаңа жеке басы куәлiгi N __________________________________________
Ескi төлқұжаты: сериясы ____ N ______ берiлген: кiм ____ қайда_____
Тапсырылған купон саны ______________Чек кiтапшасы N ___ __________
(10 купон акционерге бiр дауысқа құқық бередi)
Акционердiң күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша шешiмi:
Өз таңдауыңызды (Өз шешiмiңiздi) көрсету үшiн Х белгiсiн коюыңызды
өтiнемiз:
1. Тексеру комиссиясының шешiмiн мақұлдау |Жақтайды|Қарсы|Қалыс
2. ИЖҚ-ның_________кезеңге арналған есебiн | | |қалды
мақұлдау | | |
3. Ашық үлгiдегi ИЖҚ АҚ_______етiп өзгерту | | |
4._________________________________________АҚ | | |
Жарғысының жаңа редакциясын мақұлдау | | |
5. Жарғылық қорды________теңгеге дейiн ұлғайту | | |
6. Байқаушы кеңестi (Директорлар кеңесiн) | | |
________(саны) мүшеден мынадай тiзiмнен сайлау | | |
I. | | |
II. | | |
III. | | |
IV. | | |
V. | | |
VI. | | |
VII. | | |
7. Президенттi сайлау (үмiткерлердiң тегi | | |
көрсетiлсiн) | | |
8. Тексеру комиссиясын сайлау (үмiткерлердiң | | |
тегi көрсетiлсiн) | | |
9. Аудиторды сайлау (үмiткерлердiң тегi | | |
көрсетiлсiн) | | |
10. Басқа мәселелер | | |
Күнi ________________ Акционердiң қолы _____________
Егер Сiз немесе Сiздiң өкiлiңiз жалпы жиналысқа қатыса алмасаңыздар
осы бюллетень бойынша инвестициялық жекешелендiру қоры
акционерлерiнiң жалпы жиналысында дауыс беруге қатысуларыңыз керек,
Бұл жағдайда Сiз бюллетеньдi толтырып, ______________ (күнi) дейiн
жоғарыда аталған мекен-жайға жөнелтуге тиiссiз. Көрсетiлген
мерзiмнен кейiн алынған бюллетень дауыс санаған кезде есепке
алынбайды. (Бюллетень көк түстi сиямен толтырылуға тиiс)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1208 қаулысымен
бекiтiлген
Инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта құру
жөнiндегi шаралар жоспары
____________________________________________________________________
NN Iс-шара Iске асыру Орындауға жауаптылар
мерзiмдерi
____________________________________________________________________
Ескерту.
- қаулы күшiне енгеннен кейiн
1. Бұқаралық ақпарат құрал. Қол қойылған Үкiметтiң Баспасөз
дарында Үкiмет қаулысын соң бiрден қызметi
____________________________________________________________________
2. ИЖҚ шоттарында қалған 1 айдан Қаржыминiнiң Жекешелен.
купондарды есептен шығару кешiктiрмей дiру жөнiндегi және
жөнiндегi қосымша купон Меммүлiк пен активтердi
аукционын өткiзу басқару департаменттерi
_____________________________________________________________________
3. ИЖ купондарын салымшы. 1 айдан Қаржыминiнiң Меммүлiк
ларының нақтыланған кешiктiрмей пен активтердi басқару
тiзiлiмiн, тiзiлiмдi департаментiнiң ақпа.
басқару жөнiндегi бағдар. раттық-есепке алу
ламалық жабдықтауды және орталығы, Қазақстан
ИЖҚ-дағы ИЖ купондарының Халықтық Банкi
үзбе талондарын беру
_____________________________________________________________________
4. Қайта құру және акционер. 1 айдан БҚҰК-мен (келiсiм
лердiң жалпы жиналысын кешiктiрмей бойынша) бiрлесе
өткiзу жөнiнде ИЖҚ-ға отырып, НАМИ
арналған ұсынымдар мен
әдiстемелер әзiрлеу
_____________________________________________________________________
5. ИЖҚ акционерлерiнiң жалпы 1-4 айдың ҚазМАА
жиналыстарын өткiзу бойынша iшiнде
түсiндiру науқанын
ұйымдастыру
_____________________________________________________________________
6. ИЖҚ үшiн акционерлердiң ай сайын БҚҰК-мен (келiсiм
жалпы жиналысын өткiзу бойынша) бiрлесе
және қайта құру жөнiнде отырып, НАМИ
оқыту семинарларын өткiзу
_____________________________________________________________________
7. Сырттай дауыс беруге 1 айдан Көлiк және коммуникация.
арналған бюллетеньдердi кешiктiрмей лар министрлiгi
беру және ИЖҚ есебiмен Қазақстан Халықтық Банкi
танысу мүмкiндiгiн
қамтамасыз ету тәртiбiн
бекiту
_____________________________________________________________________
8. ИЖҚ есептерiн жинау 2 айдан Қаржыминiнiң
кешiктiрмей Жекешелендiру жөнiндегi
департаментi
_____________________________________________________________________
9. ИЖҚ есептерiн талдау 3 айдан Бұл да
кешiктiрмей
_____________________________________________________________________
10.ИЖҚ акционерлерiне есеп. 4 айдан Бұл да
термен танысу және сырттай кешiктiрмей
дауыс беруге арналған
бюллетеньдердi алу
мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге бақылау жасау
_____________________________________________________________________
11.ИЖҚ-ның акционерлердiң 11 айдан Бұл да
жалпы жиналысын өткiзуiне кешiктiрмей
бақылау жасау
_____________________________________________________________________
12.ИЖҚ-ның жай-күйiн, олардың 6 айдан Бұл да
жалпы жиналыстарының кешiктiрмей
шешiмдерiн талдау және
жалпы жиналыс өткiзбеген
ИЖҚ бойынша тарату
рәсiмдерiн ұйымдастыру
_____________________________________________________________________
13.Таратылатын қорлардың 7 айдан Бұл да
активтерi мен мiндеттеме. кешiктiрмей
лерiн сатып алуға тiлек
бiлдiрген ИЖҚ арасында
тендер өткiзу
_____________________________________________________________________
14.ИЖҚ-ны әдiлет органдарында 12 айдан Әдiлетминi
қайта тiркеу
кешiктiрмей
_____________________________________________________________________
15.Инвестициялық қорлар мен 1 айдан БҚҰК (келiсiм бойынша)
олардың басқарушы кешiктiрмей
компанияларының бағалы
қағаздар нарығындағы
қызметiн реттейтiн
нормативтiк актiлердi
әзiрлеу және бекiту
_____________________________________________________________________
16.Инвестициялық қорлар 2 айдан БҚҰК (келiсiм бойынша)
акцияларының эмиссиясын кешiктiрмей
тiркеудiң тәртiбiн бекiту
_____________________________________________________________________
17.ИЖҚ-дан қайта құрылған 7 айдан БҚҰК (келiсiм бойынша)
инвестициялық қорлар мен кешiктiрмей
акционерлiк қоғамдар
акцияларының эмиссиясын
тiркеу
_____________________________________________________________________
18.Салық заңдарына ИЖҚ-ға 1 айдан Қаржыминi, БҚҰК
жеңiлдiктi салық салуға кешiктiрмей (келiсiм бойынша)
қатысты өзгерiстер енгiзу
жөнiнде ұсыныстар
_____________________________________________________________________
19.Қайта құрылған ИЖҚ 8 айдан БҚҰК (келiсiм бойынша)
акцияларының кешiктiрмей Қаржыминiнiң
акционерлердiң шоттарына Жекешелендiру жөнiндегi
тiркеушiлердi есептелуiне департаментiмен бiрлесе
бақылау жасау отырып
_____________________________________________________________________
ЕСКЕРТУ.
Қаулы күшiне енгеннен кейiн.
ЕСКЕРТУ. Жоспардың 11,14-жолдары өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.24.
N 258 қаулысымен.