1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы (бұдан әрi - Компания) "Мұнай-газ құбырларын мемлекетаралық басқару" атты ТАСИС жобасындағы Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
қаулысымен. P971357_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591
қаулысымен. P010591_
2. Компанияға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау үшiн арналы құбыр желiлерiн қаржыландыруды, жобалауды, салуды және пайдалануды ұйымдастыру жөнiнде Бас келiсiм-шартты (тапсырысшы) құқығы берiлсiн.
3. Компания 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн құбыр желiсi көлiгiн
дамыту бағдарламасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, мұнай-газ құбырларын қалпына кетiру, жетiлдiру мен салу жобаларын қаржыландыру үшiн шетел инвестицияларын тартудың мүмкiн нұсқаларын қарасын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары