Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1155

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
 

P960790_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 
256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi реттiк нөмiрi 47а, мынадай мазмұндағы
жолдармен толықтырылсын:
     "47а "Қазақстан Республикасы Еңбек және
     халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
     Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк
     орталығы республикалық мемлекеттiк
     қазыналық кәсiпорны                          Алматы қаласы"

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары