Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1996 жылы 18 қазанда Москва қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы
Темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн
құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiр жол көлiгiнiң
кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн
құқылық реттеудiң ерекшелiктерi туралы
КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 24-құжат)
(1999 жылғы 23 сәуірде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi бұдан былай Жақтар деп аталады, мыналарға байланысты:
1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының арасындағы темiр жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы
Келiсiмге.
1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық принциптер мен қарым-қатынастар шарттары туралы Келiсiмге.
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикалық ынтымақтастығын бұдан әрi түбегейлендiру мен интеграциялау туралы Шартты,
1995 жылғы 20 қаңтардағы кедендiк одақ туралы Келiсiмге,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы темiр жолдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы келiсiмге қол қойды:
1-бап
Жақтар бiр мемлекеттiң темiр жолына қарасты, бiрақ екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы кәсiпорындар мен мекемелердiң мүлiктiк кешенiн, сондай-ақ екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мүлiктерiн басқаруға осы Келiсiм пәрмендi болған кезеңге тапсырылды деп есептеуге келiстi.
Осы Келiсiмге пайдаланылған атаулар мынаны бiлдiредi:
"темiр жол көлiгiнiң мүлкi" - кәсiпорындар, олардың жеке объектiлерi, сондай-ақ осы Келiсiмге қол қою кезiнде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының темiр жолдарының құрамына кiретiн учаскелерде орналасқан мекемелер мен ұйымдардың мүлкi жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етедi, жүк алушылар мен жүк жөнелтушiлерге қызмет көрсетедi, темiр жолшылар мен олардың отбасыларына қызмет көрсетедi. Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерiнiң Тiзiмi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 1 қосымшада келтiрiлген;
"мүлiктi басқару":
кәсiпорынға қатысты - басқарылуы мүлiк иесiмен немесе иесiмен уәкiлденген органмен жүзеге асырылатын қозғалмайтын мүлiктен, қозғалмалы құрам мен контейнерлерден басқа, кәсiпорынның балансындағы мүлiктi шаруашылық жүргiзу, иелену, пайдалану және бөлу құқығы;
мекеме мен ұйымға қатысты - мекеме мен ұйымға бекiтiлген мүлiктi жедел басқару, иелену, пайдалану және бөлу құқығы. Мекеме мен ұйымның смета бойынша бөлiнген қаржы есебiнен алынған өзiнiң атына бекiтiлген мүлiктi бөлектеуге немесе басқа әдiспен бөлуге құқығы жоқ.
2-бап
Темiр жол көлiгiнiң объектiлерi өздерi орналасқан мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
Темiр жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiктерi қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
Темiр жол құрамына кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың сондай-ақ кәсiпорындар, мекемелердiң жеке мүлiктерi мемлекет иелiгiнен алынбайды және жекешеленбейдi.
3-бап
Осы Келiсiмнiң пәрмендi кезеңiнде темiр жол салуға бөлiнген жерлер мен стансалар (жол бойының маңайын қосқанда), құрылыстар мен ғимараттар, қорғау және нығайту егiстерi және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басқа объектiлерi (бұдан әрi темiр жол көлiгiнiң жерлерi) осы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың пайдаланылуына жатады.
Темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдардың
өндiрiстiк және әлеуметтiк базасын дамытуға жер беру, сондай-ақ темiр
жол көлiгiнiң жерлерiн пайдалану тәртiбi солардың орналасқан
аумағындағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленедi.
4-бап
Жер салығы аумағында темiр жол көлiгiнiң жерлерi орналасқан
мемлекеттiк заңдарына сай белгiленедi.
5-бап
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының темiр жолдарының кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру мен жою Жақтардың немесе Жақтармен жарияланып, олармен өкiлеттенген мемлекет органдарының келiсiмi бойынша солар орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметiн қаржыландыру солар енетiн темiр жолдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6-бап
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға темiр жол тарифтерiн қолдану тәртiбi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 2 Қосымшада келтiрiледi.
7-бап
Кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбекақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар құрамына кiретiн темiр жолдардың мемлекеттiк заңдарына сәйкес реттеледi.
Аталмыш кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерi мен еңбек ардагерлерiне осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген қызметкерлерге өздерi тұратын аумақтағы мемлекеттiк азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдемелер жарамды.
8-бап
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.
9-бап
Бiр жақ мемлекетiнiң аумағынан сол мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ бiр Жақ мемлекетiнiң аумағынан екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан темiр жол учаскелерi бойынша және сол темiр жол шеңберiнде екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағына тасымалданатын жолаушылар мен жүкке байланысты мемлекет шекарасының өту кезiнде ерiп жүретiн әскери күзеттiң қарулы нарядтарын, сондай-ақ жолаушы пойыздарына ерiп жүретiн милиция нарядтарын және жолаушы жүк пойыздарына ерiп жүретiн әскери нарядтарын (қарауылдарын) өткiзу Жақтардың тиiстi органдарымен алдын ала мәлiмдей отырып, құзырлы органдармен қаруға берiлетiн құжаттарды ұсыну бойына кедергiсiз жүзеге асырылады.
Осы Келiсiмнiң пәрмендiк саласына қатысты мәселелер бойынша
Жақтардың арасындағы пiкiр таластар мен даулар екiжақты келiссөздер
жүргiзу жолымен шешiледi.
10-бап
Әскери күзет атқыштары мен милиция қызметкерлерi жолаушылар мен
жүкке ерiп жүруге байланысты қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде сол
мемлекеттiң заңдарына сәйкес жолаушылар мен темiр жол персоналдарын
қорғау, тасымалданатын жүктердi ұрланудан сақтауды және өзiн-өзi
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында табельдiк қаруын қолдануға құқығы
бар.
11-бап
Осы Келiсiм жақтардың өзаралық келiсiмi бойынша жазбаша түрде
өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
12-бап
Осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнiң процедуралары орындалғаны туралы жақтардың соңғы мәлiмдеме жасаған күнiнен бастап күшiне енедi және жақтардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтататыны туралы ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн пәрмендi болады.
1996 жылғы 18 қазанда Москва қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей болып жасалды. Осы Келiсiмдi түсiнуде өзгешелiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн басымшылық алатын болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясы Үкiметi
арасындағы темiр жол көлiгi
кәсiпорындарының, мекемелерiнiң
және ұйымдарының қызметiн реттеудiң
ерекшелiк құқығы жөнiндегi
Келiсiмге N 1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Мен Ресей Федерациясының бiр
Жақ мемлекеттiң темiр жолдар құрамына енетiн, бiрақ екiншi
жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан темiр жолдарының
учаскелерi
А. Ресей Федерациясының темiр жолдарының құрамына енетiндерi
(бары - 816 шақырым):
Приволжск темiр жолы
Шеңгелi разъезi - Полынный разъезi - 76 шақырым
(Ж. Басқұншақ - Ұрбақ желiсi)
Iңгелi разъезi - Коммунистiк разъезi - 35 шақырым
(Ж. Басқұншақ - Ұрбақ желiсi)
Оңтүстiк - Орал темiр жолы
Орск стансасы - Никель-Тау стансасы - 98 шақырым
(Орск - Қандыағаш желiсi)
Шағалық аялдау пунктi - Тобыл стансасы - 116 шақырым
(Тобыл - Қарталы желiсi)
Саламат стансасы - золотая Сопка стансасы - 66 шақырым
(Карталы - Золотая Сопка желiсi)
Зауралье стансасы - Пресногорьковская стансасы - 40 шақырым
(Новоесiм - Отық желiсi)
Горбуново стансасы - Юнино стансасы - 188 шақырым
(Қорған - Петропавловск желiсi)
Батыс - Сiбiр темiр жолы
Шерлiк стансасы - Тереңгүл стансасы - 137 шақырым
(Ертiс - Қарасуық желiсi)
Граничная стансасы - Қызыл-Ту стансасы - 60 шақырым
(Ертiс - Қызыл-ту желiсi)
Б. Қазақстан Республикасының темiр жолдарына енетiн (бары - 313
шақырым):
Батыс - Қазақстан темiр жолы
2 разъезi - Қиғаш разъезi - 13 шақырым
(Гурьев - Ақсарай желiсi)
Озинки стансасы - 225 шақырым разъезi - 11 шақырым
(Озинки - Iле желiсi)
Уютный разъезi - Қосарал стансасы - 146 шақырым
(Озинки - Iле - Қандыағаш желiсi)
Алматы темiр жолы
543 шақырым аялдау пунктi - Локоть стансасы - 18 шақырым
(Локоть - Семей желiсi)
Қазақстандық разъезi - Локоть стансасы - 97 шақырым
(Локоть - Защита желiсi)
Тың темiр жолы
Құлынды стансасы - Қуқамыс стансасы - 28 шақырым
(Құлынды - Павлодар желiсi)
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясы Үкiметi
арасындағы темiр жол көлiгi
кәсiпорындарының, мекемелерiнiң
және ұйымдарының қызметiн реттеудiң
ерекшелiк құқығы жөнiндегi
Келiсiмге N 2 Қосымша
Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты
темiр жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi
тасу кезiнде қолданылатын темiр жол
тарифтерiнiң тәртiбi
Ресей Федерациясының өз iшiнде және Қазақстан Республикасының өз iшiнде жолаушылар мен жүктердi транзитпен тасымалдауы кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темiр жолдың тарифтерi N 1 қосымшаға сәйкес қолданылатын болады.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темiр жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстанның темiр жолы стансаларынан Ресей темiр жол стансаларына және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясының темiр жолдарындағы пәрмендi тарифтерi қолданылады.
Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан қазақстандық темiр жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темiр жол стансаларынан Қазақстанның темiр жол стансаларына, және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы пәрмендi тарифтер қолданылады.
Аталмыш тасымалдаулар үшiн валюта төлемi жақтардың мемлекетiнде пәрмендi ережелерге сәйкес белгiленедi.
Осы Келiсiмнiң N 1 Қосымшасында көрсетiлген темiр жол учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде аумағында осы учаскелер орналасқан сол мемлекеттiң iшкi тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады.
Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауда пәрмендi халықаралық Келiсiмдерге сәйкес белгiленген тарифтер қолданылады.