"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын дағдарыстан шығару жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 698 P970698_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына 1997 жылдың шiлдесiнде "Шахтықұрылысшы" (Текелi қаласы) акционерлiк қоғамы алдындағы 1996 жылдың сәуiр-қыркүйек айларындағы еңбекақы бойынша несиелiк берешегiн өтеу үшiн дәрменсiз кәсiпорындарды санациялауға
көзделген республикалық бюджет қаражатының есебiнен 15 млн. теңге сомасында қосымша мақсатты несиелеу жүргiзiлсiн; үшiншi және төртiншi абзацтар тиiсiнше төртiншi және бесiншi абзацтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары