Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 шiлде N 1097. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 1219 қаулысымен. ~P981219

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" мекемесi болып қайта құрылсын.
      Осы мекеменiң негiзгi функциялары:
      жекешелендiруден кейiнгi кезеңдегi ауыл шаруашылығы секторында жүргiзiлген құрылымдық қайта құруларды қаржылай қолдау;
      шағын және орташа агробизнес, селодағы нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыптасуына қаржылай көмек көрсету;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн сауықтыру шараларын қаржыландыру;
      сауықтыруға жататын кәсiпорындардың қаржылық мiндеттемелерiн есепке алу және оларды сауықтырудың тәртiбiн айқындау;
      асыл тұқым өсiру жұмысын, тұқым шаруашылығын дамытуды, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау болып белгiленсiн.
      Мекемеге ауыл шаруашылығын қолдауды жүзеге асыру үшiн бөлiнген қаражат ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн тiкелей дотациялауға бағытталуы мүмкiн емес.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай

мерзiм iшiнде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры
туралы ереженi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне
енгiзсiн.
     3. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22
желтоқсандағы N 1447 қаулысының  

P941447_

  (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-құжат  4-тармағының күшi жойылған деп 
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары