1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 P961455_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Бурабай орман шаруашылығы Көкшетау облысы" деген сөздер "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi, Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мыналардың:
"Бурабай орман-аңшылық шаруашылығының флорасы мен фаунасының қызметiн жақсарту және оны қорғауды күшейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 5 тамыздағы N 496 қаулысының;
"Бурабай орман-аңшылық шаруашылығын қайта атау туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1983 жылғы 27 мамырдағы N 235 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi