Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақыны қайта есептеу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1053

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Бұрын тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 14, 236-бап);
      "Бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеудiң тәртiбiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 маусымдағы N 522 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 23, 368-бап);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 899 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 31, 282-құжат) қаулысының P960899_ 1 тармағы.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi