Каспий теңiзiнiң қазақстан секторындағы көмiрсутегi кен орындарын геологиялық зерделеу және игеру үшiн блоктардың берiлуi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1050а

Қолданыстағы
      Үкiметтiң 1993 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумы туралы Келiсiмде көзделген Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторының шегiндегi кешендi зерттеулердiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумының шетелдiк қатысушыларына өздерiнiң бiрлесiп таңдаған 12 (он екi) блок бойынша барлау және игеруге К-ҮI-11; К-ҮI-12; К-ҮII-9; К-ҮII-10; К-15-а + К-ҮI-16-а; К-ҮII-5-b + К-ҮII-6-b қосымша трапецияларды қоса К-ҮII-11а + К-YII-12а; К-ҮII-12-b + К-ҮII-16-а қосымша трапецияларды қоса К-Х-4-b + К-Х-8-а; К-ХI-5-а + К-ХI-6-а; К-ХI-1; К-ХI-2 бекiтiлген блок карталарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берiлсiн.
      2. "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамына өзiнiң таңдаған 2 (екi) блогы бойынша барлау және игеруге К-IХ-11; К-IХ-12 бекiтiлген блок карталарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берiлсiн.
      3. "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамының жер қойнауын осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген пайдалануға лицензиясы бекiтiлген соң, "Каспий теңiзiнде көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi жолға қою және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 ақпандағы N 97 P930097_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3, 37-құжат) 4-тармағының күшi жойылған деп саналсын.
      4. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы берген 1993 жылғы 31 желтоқсандағы N 1 бас лицензия және 1995 жылғы 7 сәуiрдегi МГ N 89 (мұнай) лицензия қайтып алынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi шетелдiк қатысушыларға және "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1, 2-тармақтарына сәйкес қолданылып жүрген заңдарға орай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуi үшiн барлау және игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға лицензиялар дайындасын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiне, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясына қайтарусыз негiзде жоғарыда аталған барлау және игеру блоктарына байланысты деректердi жариялауға тыйым салынсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi