Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 маусым N 1020. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.25. N 479 қаулысымен. ~P980479

Күшін жойған
      Кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайту, кеден бекеттерi мен кеден маңындағы инфрақұрылымын жайластыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiне кейiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударып, "Тапсырыстар бойынша сомалардың" ағымдағы шотына кедендiк ресiмдер үшiн алымды аударуға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылған, аталған қаражатты республикалық бюджетте кеден органдарын ұстауға көзделген жылдық бюджеттiк қаржылардың шегiнде кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға толық көлемде жiберсiн,
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, осы қаражаттың жұмсалу тәртiбiн әзiрлесiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi