Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды қадағалау департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 маусым N 1006. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1780 қаулысымен. ~P971780

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жүйесiн

 

реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 


U973377_


  Жарлығына

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды

қадағалау департаментi туралы ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 маусымдағы

                                          N 1006 қаулысымен

                                             бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

          Сақтандыруды қадағалау департаментi (Қаржыминiнiң

              Сақтандыруқадағалауы департаментi) туралы

                               ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды қадағалау департаментi (бұдан әрi - Департамент) сақтандыру қызметiне қадағалауды, сақтандыру туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын және сақтанушылардың, сақтандырушылардың және сақтандыру қатынастарынан туындайтын өзге де адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Өз қызметiнде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Департаменттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi. Департамент аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, бланктерi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
 
      II. Департаменттiң мiндеттерi
 
      5. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      сақтандыру қызметi саласында мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыру;
      сақтандыру қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
      сақтандыру мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеуге және iске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының басқа елдердiң сақтандыру компанияларымен халықаралық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу.
 
      III. Департаменттiң функциялары
 
      6. Алға қойылған мiндеттерге сәйкес Департамент мыналарды жүзеге асырады:
      сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар беру;
      сақтандырушыларды есепке алу, олардың бiрлестiктерi мен сақтандыру делдалдарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығының қамтамасыз етiлуiне бақылау жасау;
      сақтандырушылардың жеке қаражаты мен олар қабылдаған мiндеттемелер арасындағы сәйкестiк нормативтерiнiң сақталуына бақылау жасау;
      заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi сақтандыру туралы заңдардың талаптарын орындауына бақылау жасау;
      сақтандырушылар қолданатын сақтандыру шарттары мазмұнының заң талаптарына сай болуына бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасы заңдарының оның аумағында шетелдiк сақтандыру компанияларының сақтандырушы ретiндегi қызметiне жол бермеу туралы талабының орындалуына бақылау жасау;
      сақтандыру қызметi практикасын қорыту, сақтандыру туралы заңдарды жетiлдiру және республикада сақтандыру нарығын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiппен ұсыну;
      сақтандыру мәселелерi бойынша нұсқаулықтар, ұсынымдар,

 

анықтамалық және өзге де материалдар шығару;

     сақтандыру саласында мамандарды кәсiптiк даярлау және қайта

даярлау жөнiнде шаралар жүргiзу;

     азаматтар мен заңды тұлғалардың сақтандыру мәселелерi жөнiндегi

арыздарын, ұсыныстарын, шағымдарын қарау.


     IV. Департаменттiң құқықтары


     7. Өзiне жүктелген өкiлеттiктер мен функцияларды iске асыру үшiн

Департаменттiң мыналарға:


 
       сақтандырушылардан сақтандыру қызметi туралы белгiленген есептiлiктi алуға, олардың жылдық баланстарды, пайда мен зиян есептерiн жариялау мерзiмдерiн белгiлеуге;
      сақтандырушылардың сақтандыру туралы заңдарды орындауына тексеру жүргiзуге;
      шетел қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда, сақтандырылушылардың мiндеттi сақтандыру туралы заңдарды орындауына тексеру жүргiзуге;
      азаматтық және сақтандыру заңдарының талаптарына қайшы келетiн сақтандыру, қоса сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жарамсыз деп тану туралы соттарға талап қоюмен жүгiнуге;
      сақтандырушыларға, шетел қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда, заңды тұлғалардың басшыларына сақтандыру туралы заңдардың талаптарын сақтау не оларды бұзушылықты жою қажеттiгi туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар беруге;
      сақтандырушылар сақтандыру туралы заңдарды бұзған жағдайда сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға құқық беретiн лицензиялардың күшiн уақытша тоқтатуға;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген негiздер бойынша соттарда айыппұл салу туралы, сондай-ақ лицензияларды керi қайтарып алу туралы iстер қозғауға;
      сақтандыру ұйымдарына арналған кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған ұйымдарды қоса алғанда, барлық үлгiдегi оқу орындарындағы сақтандыру жөнiндегi оқу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысуға құқығы бар.
 
      V. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      8. Департаменттi Қазақстан Республикасы қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      9. Департамент директоры:
      Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi, өз орынбасарының және құрылымдық бөлiмше басшыларының тапсырылған жұмыс учаскелерi үшiн жауаптылық дәрежесiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Департаменттiң лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, барлық сақтандырушылардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нұсқаулар бередi және олардың орындалуына тексерудi ұйымдастырады;
      өз құзыретiне кiретiн басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      10. Департамент директоры сенiмхатсыз Департамент атынан iс-әрекет жасайды, оның мүддесiн бiлдiредi, шарттар (келiсiмдер) жасасады және өз өкiлеттiгi шеңберiнде өзге де әрекеттер жасайды.
      11. Департамент директорының орынбасарын Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      12. Департаменттiң лауазымды адамдарының сақтандырушылардың коммерциялық құпиясын құрайтын мәлiметтердi қандай да бiр нысанда жария етуге құқығы жоқ.
      13. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.