1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1998 жылға және кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде университеттiң профессорлық-оқытушы құрамының және қызметкерлерiнiң еңбегiне жоғары оқу орындары үшiн белгiленген жалақы ставкаларына 1,75 көтерiңкi коэффициентпен ақы төлеуге қаражат көздейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысында P961737_ :
25-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттiк ұлттық университетi" деген сөздер алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465 қаулысына P970465_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат): аталған қаулының 2-қосымшасында: 2-тармақ алынып тасталсын; 3 - 7-тармақтар 2 - 6-тармақтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi