Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ТМД Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауарлық номенклатурасы туралы үкiметаралық келiсiмдерiн жүзеге асыру және тауарлардың кодтары мен сипаттамаларын оның жаңа редакциясына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
7-тармақтың төртiншi абзацындағы "2206" деген сан "2206 00"
деген санмен ауыстырылсын;
аталған қаулының 2-шi қосымшасының:
"Шараптар, шампан шараптары" деген жолындағы "2206" деген сан"
2206 00" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 1997 жылдың 15 маусымынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi