Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 P941367_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулының 2-қосымшасына: Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн: Әбдiров Н.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi Қарағанды жоғары мектебiнiң қылмыстық құқық кафедрасы меңгерушiсiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының хатшысы Әшiмов Н.С. - Қазақстан Республикасының Экономика министрiнiң орынбасары (вице-министр) Ақанов А.А. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары (вице-министр) Уәйiсов М.К. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары (вице-министр) Досқалиев К.Е. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша) Жұмабеков О.И. - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келiсiм бойынша) Кирданов В.Д. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының орынбасары Сарабекова Т.С. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Орта бiлiм және тәрбие департаментiнiң директоры Сүлеев Д.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Жоғары және арнаулы орта бiлiм департаментiнiң директоры Тiлепалдинов Р.Т. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Н.К.Белоруков, Г.Н.Гамарник, М.К.Кетебаев, А.Р.Матақбаев, М.Н.Нұрбеков, Б.С.Сәрсеков, Б.М.Таңарықов, К.Ш.Уканов, А.Д.Дүйсекеев, М.К.Әбiлхатаев, А.В.Константинов, Д.Д.Сиқымбаев аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi