Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусым N 927. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 68 қаулысымен. ~P990068

Күшін жойған

      "Елдегi жағдай мен 1997 жылға арналған сыртқы және iшкi

 

саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа

жұмыс орындарын құруды және жеке кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың

тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 4 маусымдағы

                                           N 927 қаулысымен

                                              бекiтiлген


          Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының

         қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке

          кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың тәртiбi туралы

                                ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже "Жұмыспен қамту туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына және "Елдегi жағдай мен 1997 жылға арналған сыртқы және iшкi саясаттағы негiзгi бағыттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы, "Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 631 қаулысына сәйкес әзiрлендi және белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылған азаматтар, сондай-ақ солардың iшiнен кәсiпкерлiкпен айналысқысы келетiндер үшiн жаңа жұмыс орындарын құруға қолдау жасау үшiн жұмыс берушiлерге Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан қаражат берудi ұйымдастырады және оның шарттарын айқындайды.
 
      I. Жалпы ережелер
 
      1. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру үшiн жұмыс берушiлерге және белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылған және кәсiпкерлiкпен айналысқысы келетiн азаматтарға (бұдан әрi - жұмыс берушiлер және дара кәсiпкерлер), бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi екiншi дәрежедегi банк (бұдан әрi - банк) арқылы, өз қаражаты есебiнен несие бередi.
      2. Жаңа жұмыс орындарын құруды жаңа кәсiпкерлiктi дамытуды қолдауға қаржылық қамтамасыз ету Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспарланып отырған тоқсанға арналған бюджетiнiң "Жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау" бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Жұмыс берушiлер мен дара кәсiпкерлер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарына өтiнiм бередi. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтары жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлiмен бiрлесiп 10 күн iшiнде жұмыс берушiлер мен дара кәсiпкерлердiң өтiнiмдерiн қарайды және жұмыс орындарын құруды қолдауға арнап қажеттi қаражат бөлу керектiгi туралы қорытынды жасайды және оны қарау үшiн облыстардың, Алматы қаласының жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.
      4. Облыстарды және Алматы қаласында жаңа жұмыс орындарын құру және дара кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несие бөлудiң қажеттiгi туралы шешiм қабылдау үшiн әкiмдердiң шешiмдерiмен мынадай құрамда жұмыс тобы құрылады:
      облыс әкiмiнiң экономика мәселелерi жөнiндегi орынбасары (жұмыс тобының жетекшiсi);
      облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы (жұмыс тобы жетекшiсiнiң орынбасары);
      облыстық банк бөлiмшесiнiң басшысы.
      Жұмыс тобы жетекшiсiнiң шешiмi бойынша оның жұмысына басқа өкiлдер де қатысуы мүмкiн.
      5. Жұмыс тобы аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарының қорытындыларын, жұмыс берушiлер мен дара кәсiпкерлердiң өтiнiмдерiн және бизнес-жоспарларын (ТЭН-нiң үлгi құрылымы (бизнес-жоспар) осы ережеге қоса берiлiп отыр) қарайды, тиiстi қорытындылар жасайды және Қор басқармасында қарау үшiн келесi тоқсанның басталуынан бiр ай бұрын Қордың Атқарушы дирекциясына ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.21. N 1140
               қаулысымен.
      6. Жұмыс тобы жұмыс орындарын құруды қолдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру кезiнде борышкер кәсiпорындардың Қорға берешек пен мiндеттi сақтандыру жарналарын және бұрын жабдықтармен, тетiктермен, өндiрiстiк үй-жайлармен және басқа тауарлармен берiлген несиелердi қайтару және оларды кейiн жаңа жұмыс орындарын құру мен дара кәсiпкерлiктi дамыту үшiн пайдалану туралы ұсыныстарын қарайды. Жұмыс тобы тиiстi қорытынды жасайды және келесi тоқсан басталардан бiр ай бұрын оны лизингке беру үшiн қордың Атқарушы дирекциясына Қор басқармасында қарауы үшiн ұсынады. Бұл ретте жабдықтардың, тетiктердiң және өндiрiстiк үйлердiң құны тозуын есепке алғанда, орташа нарықтық құннан аспауға тиiс.
      7.
      8.
      9.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi, 7,8,9-тармақтар алынып тасталды
               және 10-28 тармақтар тиiсiнше 7-25 тармақтар болып
               есептелдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.21. N 1140 қаулысымен.
      7. Қор қаражаты банктерге процентсiз ставкадағы несие шартымен берiледi. Қор басқармасы несие бөлу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн Қордың Атқарушы дирекциясы орталықтандырылған қордан қаражатты өзiмен тиiстi келiсiм жасасатын банкке аударады.
      8. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушiлермен және дара кәсiпкерлермен жұмыс орындарын құру жөнiнде шарт жасасады, ол несие алуға негiз болады.
      9. Қордан жұмыс орындарын құруды қолдауға арналған қаражатты алған банк 5 банктiк күн iшiнде оны осы банкте қызмет көрсетiлуге тиiс заемшы-жұмыс берушiге немесе дара кәсiпкерге жеткiзуге тиiс.
      10. Қордың жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытуды қолдауға бөлiнетiн қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмауы және оған есеп жүргiзу үшiн жауапкершiлiк қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiсiнше жұмыс берушiлерге және дара кәсiпкерлерге, облыстардың, қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының бастықтарына, банк басшысына және Қор Басқармасына жүктеледi.
      11. Жұмыс берушiлер мен дара кәсiпкерлерге несиенi банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтару мiндеттемесi тиiстi қамтамасыз етiлетiн болғанда 18 айға дейiн мерзiмге жылына 10 проценттен аспайтын проценттiк ставка бойынша бередi. Жабдықтар, тетiктер және өндiрiстiк үй-жайлар жұмыссыздар үшiн 3 және одан да көп жылға жұмыс орнын берген жағдайда мүлiктiк жалға (лизингке) берiледi.
      12. Жұмыс берушiге және дара кәсiпкерге қаражат беру несие шартына қосымша болып табылатын Қор басқармасы бекiткен сметаға сәйкес жүргiзiледi. Несиенiң мақсатқа сай пайдаланылмағаны үшiн банк Қор алдында келiсiмде белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      13. Келiсiмде шарттардың орындалмауының мынадай салдарлары көзделедi. Егер банк, жұмыс берушi немесе дара кәсiпкер шарт талаптарын орындамаса (форсмажорлық жағдайларды қоспағанда) берiлген несие жеңiлдiктi шарттарын жояды және шартқа сәйкес айыппұл санкциялары есептеле отырып, дереу алынуға жатады.
      Кредитор несие берген сәттегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 ставкасы бойынша проценттердi қайта есептейдi. Бұл ретте қосымша есептелетiн соманың 70 процентi Қорға есептеледi, ал 30 процентi, банк келiсiмнiң шарттарын орындамағаннан басқа жағдайларда, банктiң кiрiсi болып табылады.
 
      II. Жаңа жұмыс орындарын құруды және дара
          кәсiпкерлiктi дамытуды қаржылық
          қолдаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi
 
      14. Жаңа жұмыс орындарын құруға несиелер қаржылық жағдайы тұрақты, сондай-ақ республикалық бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорларға берешегi жоқ жұмыс берушiлер мен дара кәсiпкерлерге меншiк нысаны мен экономика саласына қарамастан бөлiнедi.
      15. Жұмыс берушiлер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарына банкпен келiсiлген техникалық-экономикалық негiздемелердi (бизнес-жоспарды) қосымшаға сәйкес, сұратылатын несие бойынша қамтамасыз етудi көрсете отырып өткiзедi.
      16. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталығына несие бөлуге өтiнiм берген дара кәсiпкерлер банкпен келiсiлген техникалық-экономикалық негiздемелердi (бизнес-жоспарды) сұратылатын несие бойынша қамтамасыз етудi көрсете отырып өткiзуге тиiс.
      17. Несие мөлшерi 2000 есептi көрсеткiштен аспауға тиiс. Өтiнiмдердi қарау кезiнде аз шығын жұмсай отырып, барынша көп жұмыс орнын құруды көздейтiн бизнес-жоспарлар артықшылық құқықты пайдаланады.
      Ерекше жағдайларда, жоғары экономикалық тиiмдiлiгi бар және бiр жұмыс орнын құруға барынша аз шығын шығатын ұсыныстар түскен кезде Қор Басқармасы тиiстi ведомстволардың сарапшыларын тарта отырып, несие мөлшерiн қайта қарауы мүмкiн.
      18. Жұмыспен қамту қызметiнiң жолдамасымен дара кәсiпкерлiктiң ұсынылған түрлерi бойынша оқудан өткен жұмыссыз азаматтардың несие алуға басым құқығы бар.
 
      III. Жұмыс берушiлермен және дара кәсiпкерлермен
                 жұмыс iстеудiң тәртiбi
 
      19. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушiлерге және жұмыссыз деп танылған және дара кәсiпкерлiкпен айналысқысы келетiн азаматтарға тегiн қызметтiң мынадай түрлерiн көрсетедi:
      а) шағын және орта бизнестi ұйымдастырудың тәртiбi және дара кәсiпкерлiктiң түрлерi туралы нормативтiк құжаттармен, әдiстемелiк құралдармен, ұсынымдармен және басқа әдебиеттермен таныстыру. Мұндай ақпараттар стендiлерде, проспектiлерде, буклеттерде және т.б. орналастырылуы мүмкiн;
      б) мыналар туралы:
      аймақтағы жергiлiктi шикiзат қорлары туралы, сондай-ақ материалдардың, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi түрлерiне деген қажеттiлiктер туралы;
      кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерiмен айналысатын ұйымдардың (фермерлер мен шаруа қожалықтарының қауымдастықтары, кәсiпкерлердi қолдау жөнiндегi одақтар мен орталықтар және т.б.) орналасқан жерi туралы;
      ауыл шаруашылығына өнiмдердi қайта өңдеуге, оларды буып-түюге арналған технологиялар мен жабдықтарды және жабдықтардың басқа да түрлерiнiң орналасқан жерi туралы ақпарат пен жарнама беру;
      в) дара кәсiпкерлiктi ұйымдастыруға арналған құжаттарды ресiмдеу кезiнде әдiстемелiк көмек көрсету.
      20. Дара кәсiпкерлiктi ұйымдастыру үшiн құжаттарды ресiмдеу кезiнде оларды ресiмдеуге қаржылық көмек көрсетiлуi мүмкiн. Құжаттарды ресiмдеуге бөлiнген қаражат сомасы (оның берiлуi жөнiндегi шешiмдi жұмыспен қамту орталығының директоры қабылдайды) көрсетiлетiн қаржылық көмектiң жалпы мөлшерiне кiредi.
      21. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталығында әлеуеттi дара кәсiпкерлермен олардың дара кәсiпкерлiк мүмкiндiктерi мен қабiлетiн анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзiледi, олардың бiлiмi мен кәсiбi, жұмыс тәжiрибесi, қаржылық мүмкiндiктерi ескерiледi.
      22. Жұмыспен қамту орталығы әңгiме жүргiзу нәтижелерi бойынша қызмет түрлерi туралы ұсынымдар берiп, жұмыс орындарын құруға және дара кәсiпкерлiктi дамытуға несие берудiң шарттарын айтады.
      23. Республикалық жұмыспен қамту қызметiнiң органдары ұсыным ретiнде шағын және орта бизнестiң неғұрлым өзектi бағыттары бойынша үлгiлiк техникалық-экономикалық негiздемелермен қамтамасыз етедi, онда тендерлiк негiзде анықталатын отандық тауар өндiрушiлердi тарту ескерiледi.
      24. Осы Ереже шарттарының орындалуына бақылауды, кейiн құқықтарды жұмыспен қамту қызметiнiң жұмысын тексеру жөнiндегi уәкiлеттi органға бере отырып, Қор Басқармасы, облыстық, Алматы қалалық, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарының бастықтары жүзеге асырады.
      25. Шарт мiндеттемелерiн орындау барысында тараптар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қаралады.
 

                                                      Қосымша



 
                Техникалық-экономикалық негiздеменiң

 

                        (бизнес-жоспардың)

                          ҮЛГI ҚҰРЫЛЫМЫ


     1. Титулдық парақ

     а) кәсiпорынның атауы мен мекен-жайы, дара қызметiнiң түрi;

     б) жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынның қаржы-экономикалық ахуалы,

республикалық бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорларға

берешегi;

     в) құрылтайшылардың аты мен мекен-жайы (шағын кәсiпорын үшiн);

     г) кәсiпорынды (дара қызметтi) ұйымдастырудың ұсынылып отырған

жобасының мәнi;

     д) жобаның құны - кәсiпорын құруға, дара қызметтi ұйымдастыруға

қажеттi қаражат сомасы;

     е) банктегi есеп айырысу шотының немесе субшотының нөмiрi;

     ж) титулдық параққа кәсiпорынның мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң

көшiрмесi қоса берiледi.


     2. Ұсынылып отырған жобаның мәнiсi

     а) өнiм - шығару мен сатудың белгiленiп отырған көлемi;

     б) көрсетiлетiн қызмет - белгiленiп отырған көлемi;

     в) құрылатын жұмыс орындарының саны, азамат жұмыспен қамтылатын

кезең, ұйымдастырылатын жұмыс орындары;

     г) жұмыс орындарының iске қосылу мерзiмдерi.


     3. Өндiрiстiк жоспар


     а) өндiрiстiк процестiң сипаттамасы;

     б) өндiрiстiк үй-жайлар;

     в) станоктар, жабдықтар;

     г) шикiзат және материал берушiлер.


     4. Өткiзу жоспары (тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер

        қалай және кiмге сатылады)


     а) баға - ұсынылатын баға деңгейi және оның келешекте өзгеруi;

     б) өткiзу арналары - тауарлар кiмге және қалай жеткiзiледi;

     в) маркетинг - өткiзу рыногы қалай анықталғанын түсiндiру.


     5. Ұйымдастыру жоспары


     а) меншiк нысаны - кәсiпорынды иелену нысаны, оның

ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны қандай;

     б) әрiптестер немесе, егер бас болса, негiзгi пайшылар туралы

мәлiметтер;

     в) әрiптестердiң (пайшылардың) жауапкершiлiк шаралары.


     6. Тәуекелдiң бағасы


     а) кәсiпорынның (дара қызметтiң) әлсiз жақтары неде;

     б) бәсекелестiк қабылетi.


     7. Қаржылық жоспар


     а) қаражат көздерi (жеке жинаулары, банк несиелерi, субсидиялар

және т.б.) және оларды кәсiпорынды (дара қызметтi) ұйымдастыруға

пайдалану;

     б) кiрiстер мен шығыстар жоспары;

     в) ақша түсiмдерi мен төлемдерiнiң жоспары;

     г) өзiн-өзi ақтауы және ұтымдылығы;

     д) өзiңiзге қандай жалақы белгiлейсiз.


     Ескертулер:



 
       1. Бизнес-жоспардың мазмұны мен оның егжей-тегжейлiлiгi құрылатын кәсiпорынның ауқымына және оның қызмет көрсету саласына немесе өндiрiстiк салаға жататынына қарай - егер кәсiпорын өндiрiстiк болса, ол қандай тауар шығаратынына қарай - тұтынушыға арналған тауар немесе өндiрушiге арналған тауар шығаруына байланысты болады. Бизнес-жоспардың мазмұны сонымен қатар өткiзу рыногына, бәсекелестердiң болуына және құрылатын кәсiпорынның өсу перспективасына да байланысты.
      2. Бизнес-жоспар жасаудан бұрын шығарылуы көзделiп отырған өнiмге (қызмет көрсетуге) деген сұраныстың көлемi, кәсiпорынның өндiрiстiк және қаржылық мұқтажы туралы ақпараттар жинау жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуге тиiс. Осындай ақпараты бар кәсiпкер бизнес-жоспарды құрмай тұрып-ақ жаңа кәсiпорын тұжырымдамасының өмiршеңдiгiн бағалай алатын болады.
      3. Жобаны ресурстармен қамтамасыз ету бизнес-жоспардың ең маңызды бөлiгi болып табылады. Бұл бөлiм кәсiпкерлiк жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi ресурстардың түрi мен көлемi, ресурстардың көздерi мен оларды алудың әдiстерi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Ресурстық қамтамасыз ету деген сөздер кең мағынасында материалдық ресурстарды (материалдар, көлiк және байланыс құралдары), еңбек ресурстарын (барлық санаттағы қызметкерлер), қаржылық ресурстарды (ағымдағы ақша қаражаты, күрделi қаржы, несиелер, валюта, бағалы қағаздар), ақпараттық ресурстарды (статистикалық, ғылыми-техникалық және басқа да ақпараттар) қамтиды.