1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мемлекеттiк басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң жұмыстарын жүзеге асыратын орган болып айқындалсын.
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi:
зейнетақы жарналарына есеп жүргiзу;
зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеу мәселелерi бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру; <*>
зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеудiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету болып айқындалсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.24.
N 1059 қаулысымен. P991059_
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн; <*>
1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi
уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. N 1030 қаулысымен. P971030_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi