"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926

Жаңартылған

      Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376  қаулысымен.

       3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: 
      зейнетақы жарналарына есеп жүргiзу; 
      зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеу мәселелерi бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру;<*> 
      зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеудiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету болып айқындалсын.<*> 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N  1059  қаулысымен.

       4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн; 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн. 

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн; 
      1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.06.27. N  1030  қаулысымен.  

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi