Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 514 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 мамырдағы N 906

Жаңартылған

 

 

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     "Өз еркiмен емделуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен

немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды ерiксiз емдеу және оларды

медициналық-әлеуметтiк оңалту мәселелерi туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 514

қаулысына   P950514_   мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     аталған қаулының 2-қосымшасына:

     5-тармақтағы "қадағалау мен" деген сөз алынып тасталсын;

     9-тармақтың күшi жойылған деп танылсын.

 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi