Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамыр N 898. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 741 қаулысымен. ~P010741

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына P961712_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден

 

шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң тәртiбi туралы

Ережеге:

     6 және 8 тармақтарда:

     "Электрлi тұрмыстық" деген сөзден кейiн "және жиhаздар" деген

сөзбен толықтырылсын;

     "84, 85 тауарлық топтарында" деген сөзден кейiн "94" деген

санмен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы 1997 жылдың 1 маусымынан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi