Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 401 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы N 894

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 401 қаулысына P970401_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астық компаниялары жанар-жағар материалдарды, тұқымды, техниканы, жабдықтарды, босалқы және жинақтаушы бөлшектердi, өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды мемлекеттiк астық сатып алуға берiп тұруға өз бетiнше шарттар жасасады".
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрi