Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 мамырдағы N 883. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы  N 382 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 92-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы  N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiнде: 
      22-тармағының төртiншi абзацындағы "жәрдемақы" деген сөз алынып тасталсын; 
      29-33, 35-40-тармақтарындағы "жәрдемақы" деген сөзден кейiн "балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа" деген сөзбен толықтырылсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi