Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 875

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығына U973377_ сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12.
               N 1552 қаулысымен. P971552_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.07.03. N 634
               қаулысымен. P980634_
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң аппараты мен таратылған Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiн, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн ұстауға, Республикалық бюджетте көзделген қаржылар есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1552
               қаулысымен. P971552_
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң жанындағы Ұлттық статистика агенттiгiне, Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi, Авторлық құқықтық жөнiндегi агенттiкке, Патент агенттiгiне, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiне таратылған Ұлттық статистика басқармасының, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiнiң, Ұлттық патент ведомствосының, Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы мүлiкке жедел басқару құқығы бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына P951894_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат);
      аталған қаулының 1-қосымшасына:
      реттiк нөмiрi 6 жолдағы, 2 бағандағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген сөз "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысының бақылау агенттiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 7 жолдағы, 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" деген сөз "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi" деген сөз "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына P960790_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi";
      бөлiм, реттiк нөмiрi 30а мынадай жолдармен толықтырылсын:
      "30 а Қазақжарылысөнеркәсiбi Алматы қаласы";
      "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi";
      "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi";
      бөлiм, реттiк нөмiрi 368-ден 389-ды қоса 8-қосымшаға сәйкес мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      368 нөмiрлi жол 390 нөмiрлi жол болып есептелсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң қабылдаған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 999 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 234 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 90-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патент ведомствосы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы N 175 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 875 қаулысына 8-қосымша

____________________________________________________________________
  N  |            Кәсiпорындардың атауы             |  Мекен-жайы
 р/с |                                              |
_____|______________________________________________|_______________
     |                                              |
 368 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Ақмола қаласы
     |орталығы" Ақмола мемлекеттiк кәсiпорны        |
     |                                              |
 369 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Ақтөбе қаласы
     |орталығы" Ақтөбе мемлекеттiк кәсiпорны        |
     |                                              |
 370 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Алматы қаласы
     |орталығы" Алматы мемлекеттiк кәсiпорны        |
     |                                              |
 371 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Арқалық қаласы
     |орталығы" Арқалық мемлекеттiк кәсiпорны       |
     |                                              |
 372 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Атырау қаласы
     |орталығы" Атырау мемлекеттiк кәсiпорны        |
     |                                              |
 373 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Өскемен қаласы
     |орталығы" Шығыс Қазақстан мемлекеттiк         |
     |кәсiпорны                                     |
     |                                              |
 374 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Тараз қаласы
     |орталығы" Жамбыл мемлекеттiк кәсiпорны        |
     |                                              |
 375 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Жезқазған
     |орталығы" Жезқазған мемлекеттiк кәсiпорны     |қаласы
     |                                              |
 376 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Орал қаласы
     |орталығы" Батыс Қазақстан мемлекеттiк         |
     |кәсiпорны                                     |
     |                                              |
 377 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Қарағанды
     |орталығы" Қарағанды мемлекеттiк кәсiпорны     |қаласы
     |                                              |
 378 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Қызылорда
     |орталығы" Қызылорда мемлекеттiк кәсiпорны     |қаласы
     |                                              |
 379 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Көкшетау
     |орталығы" Көкшетау мемлекеттiк кәсiпорны      |қаласы
     |                                              |
 380 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Қостанай
     |орталығы" Қостанай мемлекеттiк кәсiпорны      |қаласы
     |                                              |
 381 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Ақтау қаласы
     |орталығы" Маңғыстау мемлекеттiк кәсiпорны     |
     |                                              |
 382 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Павлодар
     |орталығы" Павлодар мемлекеттiк кәсiпорны      |қаласы
     |                                              |
 383 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Петропавл
     |орталығы" Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк     |қаласы
     |кәсiпорны                                     |
     |                                              |
 384 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Семей қаласы
     |орталығы" Семей мемлекеттiк кәсiпорны         |
     |                                              |
 385 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Талдықорған
     |орталығы" Талдықорған мемлекеттiк кәсiпорны   |қаласы
     |                                              |
 386 |"Стандарттау, метрология және сертификаттау   |Шымкент
     |орталығы" Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк      |қаласы
     |кәсiпорны                                     |
     |                                              |
 387 |Стандарттар мен стандарттық үлгiлердiң        |Алматы қаласы
     |мемлекеттiк ақпараттық орталығы               |
     |                                              |
 388 |Алкогольдi өнiм өндiрушiлердiң мемлекеттiк    |Алматы қаласы
     |тексеру орталығы                              |
     |                                              |
 389 |"КАЗСЕРТИКО" мемлекеттiк ғылыми-практикалық   |Алматы қаласы
     |орталығы                                      |
     |                                              |