"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулыға "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары" деген 1-қосымшаға:
"Құрылымдық-институционалдық қайта құрулар" деген II тараудағы реттiк нөмiрi 37-жолдың 4-бағанындағы "1996" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi