Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 мамыр N 811

Қолданыстағы
      Республикада көмiрдiң бәсекелес рыногының пайда болуына

байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополистердiң
өнiмiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат) мынадай өзгерiс
енгiзiлсiн:
     бiрiншi тармақтың үшiншi абзацындағы "көмiр өнеркәсiбi" деген
сөз алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi