Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 565
қаулысымен. P000565_
2. "Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкi республикалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi заңды тұлғалардың берешектерiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 652 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 24, 207-құжат);
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк арқылы заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектерiн сатуға әзiрлеу тәртiбiне:
1-тармақтың "б", "в" тармақшаларындағы "20 күндiк мерзiм" деген сөздер "1997 жылдың 30 мамырына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың "е", "ж" тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атынан" деген сөздер "банктiң атынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi