1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден
комитетiнiң құрылымы, сондай-ақ алқаның сандық құрамы - 9 адам болып бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1551 қаулысы: "Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1654 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Кедендiк бақылау және кiрiстер департаментi Энергиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi департамент Экономикалық қауiпсiздiк және контрабандамен күрес департаментi Заң департаментi Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету департаментi Кадр басқармасы Баспасөз орталығы