Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 сәуiр N 688

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасының меншiгiне: Қазақстан Республикасының меншігіне бұрын сатып алынған Рюстерналлее 18, 14050 Берлин; Энглераллее 27, Берлин; Луизенштрассе 116, Бонн мекен-жайлары бойынша жоғарыда көрсетілген жылжымайтын объектілерді сатудан алынған ақшаны кейінірек жіберумен, Германия Федеративтік Республикасының жаңа астанасындағы: Қазақстан Республикасы Елшілігінің офисін орналастыру үшін Норденштрассе, 14-15, 13156 Берлин-Панков; Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісінің резиденциясы үшін Маяковскийринг 5-7, 13156 Берлин мекен-жайлары бойынша ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алуға бағыттауға рұқсат етiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.19. N 1567 қаулысымен.
               P001567_
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi