Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 сәуiр N 671 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533  қаулысының  қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "1. Макроэкономикалық тұрақтылық" бөлiмiнiң 
      "1.2. Салық салу және бюджет саясаты" бөлiмшесiндегi: 
      4-бағандағы жолдар, реттiк нөмiрi 5. "1997 жылдың наурызы" деген сөз "1997 жылдың тамызы" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      "Y. Экономиканы басқару" бөлiмiнiң "Y.3. Ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету" бөлiмшесiнде: 
      4-бағандағы жолдар, реттiк нөмiрi 99, "1997 жылдың сәуiрi" деген сөз "1997 жылдың маусымы" деген сөзбен ауыстырылсын. 

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрi