Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533
қаулысының
қосымшасына:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмде, реттiк нөмiрi 111, жолдарындағы:
"Адвокатура туралы" 4-бағандағы "ақпан 1997 ж." деген сөз "сәуiр 1997 ж." деген сөзбен ауыстырылсын;
"Мемлекеттiк қылмыстық-атқару жүйесi туралы" 4-бағандағы "сәуiр 1997 ж." деген сөз "қараша 1997 ж." деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспарындағы:
реттiк нөмiрi 17, 28, 38 жолдар алынып тасталсын;
39а, 42а, 62а реттiк нөмiрлер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"39а Әкiмшiлiк-құқық бұзушылық Әдiлетминi, сәуiр
туралы кодекс Iшкiiсминi мамыр
Үкiмет шешiм-
дерiн
әзiрлеудi
үйлестiру
бөлiмi
42а Адвокаттық қызмет туралы Әдiлетминi сәуiр
мамыр
Үкiмет шешiм-
дерiн
әзiрлеудi
үйлестiру
бөлiмi
62а Мемлекеттiк қылмыстық- Iшкiiсминi, қазан
атқару жүйесi туралы Әдiлетминi қараша
желтоқсан
Үкiмет шешiм-
дерiн
әзiрлеудi
үйлестiру
бөлiмi
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi