1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен "Карагандашахтострой" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын.
2. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 P950656_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен: "Каршахтострой" АҚ, Қарағанды облысы" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi