Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 25 сәуiр N 659. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 71 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының экономиканың сыртқы экономикалық секторында болып жатқан процестердi реттеуге, келiсiлген сыртқы сауда, қаржы, ақша-кредит және валюта саясатын жүргiзуге, валюталық реттеу саласындағы стратегияны айқындауға қажеттi төлем балансын қалыптастыру мен талдау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын:
      1997 жылғы II тоқсан үшiн жасалған есептен бастап тоқсан сайын елiмiздiң тоқсандық және жылдық жиынтық есебiнiң төлем балансының осы тармақта белгiленген мерзiмде қалыптасуын жүзеге асыру және оны Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп осы тармақта белгiленген мерзiмде елiмiздiң жылдық төлем балансына болжам бағасын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
      елiмiздiң төлем балансының көрсеткiштерiне орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжам жасап бағалауға қатысу;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен және Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң төлем балансының ағымдағы және болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi әдiстемелiк тәсiлдердi жасау және оны халықаралық қаржы ұйымдарымен келiсу;
      1997 жылғы 1 қазанға дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықтау;
      1997 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Мемлекеттiк кеден комитетiмен, Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесе отырып, көрсеткiштердiң нақты тiзбесiн, оларды бекiтiлген схемаға сәйкес тәртiбi мен кестесiн жасау.
      Қазақстан Республикасының төлем балансын жасаудың мынадай мерзiмдерi қарастырылсын:
      есептi төлем балансын алдын-ала бағалау - есептi кезеңнен кейiн бiр айдан кешiктiрмей;
      есептi төлем балансы - есептi кезеңнен кейiн үш айдан кешiктiрiлмей;
      болжамды төлем балансын алдын ала бағалау - кезектi жылдың индикативтi жоспарын дайындау үшiн белгiленген мерзiмдерге сәйкес;
      болжамды төлем балансын нақты бағалау - болжам жасалатын жылдың сәуiр айынан кешiктiрмей.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 1997 жылғы II тоқсан үшiн елiмiздiң төлем балансы бойынша жасалған есептiлiктен бастап:
      қосымша берiлетiн схемаға сәйкес ақпарат;
      министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi атқарушы органдар және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар үшiн бекiтiлген статистикалық есеп нысандарының жиынтық көрсеткiштерi жөнiнде ақпарат;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сұрау салуы бойынша сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын респонденттер тiзбесiн;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сұрау салуы бойынша тиiстi респонденттердiң жекелеген бекiтiлген нысандары жөнiнде ақпарат берiп отыратын болсын;
      1997 жылғы 1 қарашаға дейiн мерзiмде елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есептiң нақтыланған нысандарын бекiтетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң тапсырысы бойынша елiмiздiң төлем балансының жекелеген көрсеткiштерi жөнiнде бiр жолғы iрiктеу зерттеулерiн жүзеге асыратын болсын.
      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (қаржы рыноктарында делдалдық қызметтi жүзеге асыратын банк секторы мен мекемелерден басқа) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiне елiмiздiң төлем балансы бойынша бекiтiлген нысандарға сәйкес статистикалық есеп берiп отыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне елiмiздiң төлем балансы бойынша ақпараттар берудiң қоса берiлiп отырған схемасы бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есеп берудiң бекiтiлген нысандарына сәйкес 1997 жылдың II тоқсаны үшiн берiлетiн есептен бастап қоса берiлiп отырған нобайға сәйкес ақпарат берiп отыратын болсын.
      6. Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесе отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына тиiстi толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс жасайтын болсын.
      7. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 маусымдағы N 510 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 292-құжат) күшi жойылған деп танылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы           
Үкiметiнiң                 
1997 жылғы 25 сәуiрдегi          
N 659 қаулысымен              
бекiтiлген                  

                Елiмiздiң төлем балансы бойынша Қазақстан
           Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат беру схемасы
--------------------------------------------------------------------
    Ақпараттың түрi                    | Ақпарат берушi ұйым
--------------------------------------------------------------------Индикативтiк жоспардың көрсеткiштерi     Экономсаудаминi

Сауда балансы                            Ұлттықстатагенттiк

Мигранттардың трансфертi                 Мемкеденком,
                                         Ұлттықстатагенттiк
Ағымдағы трансферттер жөнiндегi          Ұлттықстатагенттiк
ақпарат

Халықаралық қызмет көрсету жөнiндегi     Ұлттықстатагенттiк
ақпарат

Тiкелей инвестициялар жөнiндегi ақпарат  Ұлттықстатагенттiк

Қазақстан Республикасының шекарасы       Мемкеденком,
арқылы өтетiн тауарлардың, нақтылы       Ұлттықстатагенттiк
валютаның, бағалы қағаздардың және
шетел валютасындағы төлем құжаттарының
қозғалысы туралы ақпарат

Үкiметтiң ресми заемдары және            Қаржыминi
Қазақстан Республикасының гранттары
туралы