"Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 644 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын өкiлеттi мемлекеттiк орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрылтайшылық құжаттарына қажеттi өзгертулер енгiзсiн және әдiлет органдарында қайта тiркеудi жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi