1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
белгiленген квотаның шегiнде тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттарды қоныстандыруды ұйымдастырсын;
қоныс аударушылар отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерiн бiлiктiлiгiне және мамандығына сәйкес еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ оларды қажеттi мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдасын;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келген босқын-репатрианттарды әлеуметтiк қамтамасыз ету, оның iшiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн шешсiн;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының босқын-репатрианттардың қоныс аударуын және оларды жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
босқын-репатрианттардың қоныс аударуын, оларды көшiрiп әкелудi, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. Олардың қатаң мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
қажет болған жағдайда облыстық бейiмделу пункттерiн ұстауға қаражат бөлудi қарастырсын;
бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне босқын-репатрианттарды жинақы қоныстандыру үшiн аудандардың, елдi мекендердiң, сондай-ақ олар туыстық және шаруашылық-өндiрiстiк байланыстары ескерiле отырып еңбекке орналастырылатын меншiктiң түрлi нысанындағы ұйымдардың тiзбесiн ұсынсын;
босқын-репатрианттарды қабылдауды және жайластыруды қамтамасыз етсiн. Белгiленген тәртiппен тұрғын үйлер салу және шаруашылық қызмет үшiн жер учаскелерiн бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп:
шетел мемлекеттерiнiң тиiстi министрлiктерiмен және ведомстволарымен тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген отандастардың мүлiктiк және азаматтық құқықтарын қорғау жөнiндегi мәселелердi пысықтасын;
босқын-репатрианттардың шығуы және транзиттiк жүруi мәселелерi бойынша тиiстi елдер арқылы өту кезiнде оларға жәрдем көрсету туралы тiлек бiлдiре отырып, дипломатиялық арналған бойынша тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiне өтiнiш жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететiн авиакомпаниялар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп адамдар мен олардың үй мүлiктерiн олар шығатын мемлекеттердiң аумағынан орналастыру мекенiне дейiн тасымалдаудың тәртiбiн айқындасын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден бекеттерiн ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қажет болған жағдайда ТМД-ға кiрмейтiн мемлекеттерден келген босқын-репатрианттарды шекаралық ресiмдеу үшiн уақытша бақылау-өткiзу бекеттерiн ұйымдастырсын.
7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
босқын-репатрианттардың Қазақстан аумағы бойынша жүру жолында және қоныстанған жерлерiнде және бастары мен мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн;
келген босқын-репатрианттарды дер кезiнде тiркеу мен олардың тұруға және республика аумағы бойынша жүрiп-тұруына арналған құжаттарын ресiмдеудi;
тұрақты тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi республикаға келген босқын-репатрианттарды тегiн медициналық тексерудi ұйымдастырсын.
9. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiн ескере отырып, көшiп келушiлердiң шетелде алған бiлiмдерi туралы құжаттардың тең бағалығын тануды қамтамасыз етсiн. Қажет жағдайда оларды кәсiптiк оқу орындарында өтпелi оқу жоспарлары және қысқартылған мерзiмдер бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
Босқын-репатрианттардың балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, сондай-ақ ересек халықты қажет болған жағдайда қосымша кластар мен мектептер ашып, сауаттылыққа, қазiргi қазақ әлiппесiне оқытуды ұйымдастырсын.
10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi шығатын мемлекеттен қоныстанатын жерге дейiн көшiп келетiн босқын-репатрианттардың жекеменшiк малдарын айдап әкелуде, тасымалдауда және мал дәрiгерлiк бақылауды ұйымдастыруда жәрдем көрсетсiн.
11. Жоғарыда көрсетiлген министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер 1998 жылдың қаңтарының соңына Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндау үшiн 1998 жылдың 10 қаңтарына дейiн осы қаулының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ақпарат ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi