Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 621. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941 қаулысымен.

Күшін жойған

      Мемлекеттiк құнды қағаздарды шығару мен оның айналысының тетiгiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N  786 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 255-құжат) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      қаулының атауындағы және 1,2,3-тармақтардағы "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi" деген сөзден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын; 
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты және он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы ережеде:
     Ереженiң атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн", "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер" деген сөздерден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын;
     1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
     "МЕККАМ" атауы қазақ тiлiнде "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деп оқылады; 
     7-тармақта:
     "резидент еместердiң қатысу үлесiн" деген сөз алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды."

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi