Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiр N 605 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

Күшін жойған

       "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысының қосымшасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      "1.2. Салық салу және бюджет саясаты" бөлiмшесiнiң реттiк нөмiрi 7-жолдар алынып тасталсын.
      2. "Республиканың жергiлiктi бюджеттерiн түзу мен атқару жөнiндегi жұмыстың жай-күйiне кешендi тексерiстер жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 89-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi