Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 604. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.24 N 1695 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 P960604_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын:
      "8) өзiнiң қосалқы шаруашылығынан алынған кiрiстер (оның iшiнде үй малдары, аулалық учаске, бау-бақша, сая-жайлық учаске)".
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi