Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдарға шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қатынастарды реттеу кезiнде салаларда жұмыс iстеушiлердiң мына санын негiзге алу ұсынылсын: өнеркәсiп, құрылыс және ауыл шаруашылығы - 50 адамға дейiн; сауда және тұрмыстық қызмет көрсету - 30 адамға дейiн; көлiк және байланыс - 25 адамға дейiн; ғылым және инновациялық қызмет - 20 адамға дейiн; басқаларында (ойын және шоу-бизнестен басқасы) - 15 адамға дейiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi