"Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартудың инвестициялық жобасын қаржыландыру көлемiн ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 462

Қолданыстағы
      "Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартуды аяқтау және Түрiк Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде бұрын берiлген несие бойынша берешектi өтеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының "Emsas Insааt, Тоurisм, Ticaret ve Sаn.А.S." фирмасымен "Алатау" қонақ үйi кешенiн басқаруға беруге жасасқан келiсiм-шарт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне, келiсiм-шарт пен несие беруге байланысты басқа да құжаттарға, сондай-ақ сұралып отырған несиенiң қосымша көлемiне кепiлдемелер мен кепiлдiктi қамтамасыз етуге банктiк сараптама жүргiзсiн;
      "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнымен белгiленген тәртiппен қосымша несие келiсiмiн жасасын;
      "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының аванстық төлемдi, берiлген несие сомасын және ол бойынша проценттердi төлеуiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын жұмсаған банк шығыстарын өз қаражаты есебiнен бақылау жасасын;
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының

орындалуына бақылау жасасын.
     4. "Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен
қаржыландырылатын жобалар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 тамыздағы N 866
қаулысына 1-қосымшаға мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     "Жастартурспортминi   "Алатау" қонақ    2   "Эмсаш" фирмасы"
                           үйiнiң кiшi
                           қанатын қайта
                           жаңарту
     деген жолдағы "2" деген сан "4,45" деген санмен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi