Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - "Южнефтепровод" және "Қазақстан және Орта Азия арналы мұнай құбыры" өндiрiстiк бiрлестiктерiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 461

Қолданыстағы

      Мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау, экспорттау мен импорттау мәселелерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғауды арттыру, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың басқару құрылымдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк мен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен:
      "Южнефтепровод" өндiрiстiк бiрлестiгi (Ақтау қаласы) және "Қазақстан және Орта Азия арналы мұнай құбыры" өндiрiстiк бiрлестiгi (Павлодар қаласы) - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын - бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырсын және қайта ұйымдастырылған кәсiпорын базасында жабық акционерлiк қоғам нысанында "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясын құрсын;
      құрылатын "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы активтерiнiң тiзбесiн, құрылымын және жарғылық капиталының көлемiн айқындасын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
               қаулысымен. P971357_
      2. Бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысы бекiтiлсiн және тiркеуден өткiзiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
               қаулысымен. P971357_
      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiнен реттiк нөмiрi 15 және 16 жолдар алынып тасталсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi