Сақтандыру жарнасы есептелмейтiн және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру бойынша зейнетақы мен жәрдемақы есептеу үшiн орташа жалақыны анықтаған кезде есепке алынбайтын төлемдер тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 наурыз N 419. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1942 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Сақтандыру жарнасы есептелмейтiн және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру бойынша зейнетақы мен жәрдемақы есептеу үшiн орташа жалақыны анықтаған кезде есепке алынбайтын қоса берiлiп отырған төлемдер тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Сақтық жарнасы алынбайтын және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру бойынша пенсия мен жәрдемақы есептеу үшiн орташа айлық табысын анықтау кезiнде есепке кiрмейтiн жалақы мен басқа төлемдер түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 556 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ., 1991 ж., N 22, 162-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 1156 қаулысы 3-тармағының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 364-құжат).
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi