Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жыл 14 наурыздағы N 324 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533  қаулысымен  бекiтiлген қосымшадағы: 
      "Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII тараудағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы" деген реттiк нөмiрi 112-жолдардағы /"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты/ 4-бағандағы "1997 жылғы қаңтар" деген сөздер "1997 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарындағы реттiк нөмiрi 10 және 12-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 47а мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "47а  "Жер қойнауы және жер       Экономсаудаминi,   мамыр.
             қойнауын пайдаланушылар    Қаржыминi,         маусым,
             туралы" және "Мұнай        Әдiлетминi         шiлде
             туралы" Қазақстан         --------------
             Республикасы Президен.     Кәсiпорындар
             тiнiң Заң күшi бар         реформасы
             Жарлықтарына /"шетел       бөлiмi
             инвестициялары туралы"
             Қазақстан Республикасының
             Заңына өзгерiстер мен
             толықтырулар енгiзiлуiне
             байланысты/ өзгерiстер
             мен толықтырулар енгiзу
             туралы

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары